1 маусым күні елімізде 154 қайырымдылық іс-шарасы өтеді

ҚР Білім және ғылым министрлігі 15 мамыр мен 15 маусым аралығында өтетін жалпы республикалық «Нұрлы болашақ» акциясын жариялады, — деп хабарлайды Studentmedia.kz порталы. 

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі биылғы жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жалпы республикалық «Нұрлы болашақ» акциясын жариялады. Республикада 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 600-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оның ішінде 154 қайырымдылық шаралары өткізіледі. Шараға 2 милионнан астам бала қатысады деп жоспарланған.

Биыл 2,1 млн. бала республиканың мектеп жанындағы, шатырлы, қала сыртындағы лагерьлерде, 730 мыңнан астам бүлдіршін ата-аналарымен демалады. 

Осыған орай, 2019 жылғы 30 мамыр күні сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «2019 жылы жазғы демалыста балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында брифинг өтеді. Оған ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.Тарасенко, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.Айтпаева, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Л.Ақтаева, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Е.Ерсайынов қатысады. 

Сурет childcamp.com сайтынан.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *