10 жасар баланы зорлап, тұншықтырып өлтірген…

Таразда 10 жастағы баланы зорлап, буындырып өлтірген жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Өзінен үш жас кіші балаға күш көрсеткен ол, енді бір жылын қатаң режимдегі арнайы мектепте өткізуі тиіс. Оның колонияға жіберілмеуіне қылмыс жасаған кезде 14 жасқа толмағандығы себеп болып отыр.

Бүкіл елді дүрліктірген оқиға өткен жылдың қараша айында болған екен. Із-түссіз жоғалған 4-ші сынып оқушысының өлі денесі балабақша маңындағы ағаштардың арасынан табылған. Кейін сол мектептің  7-ші сынып оқушысы басты күдікті ретінде ұсталады. Өйткені екеуінің бірге ойнап жүргендерін көргендер куәгерлер болған. Тексеріс нәтижесінде, Никитаның зорланғаны және тұншықтырылғаны анықталған. Тағы бір дерек, екеуі де желім иіскеген. 13 жастағы Николайдың кінәсі толық дәлелденіп, тіпті өзі де мойындағанымен, ол қылмыстық жауапқа тартылмады. Ал судья анасынан ерте айырылып, маскүнем әкесімен қараусыз өскен жасөспірімге жаза тағайындау қиынға соқты дейді. Фемида өкілі шешім шығарарда қылмыскердің қиын тағдырына баса назар аударған.

«5 жастан 13 жасқа дейін оның ешкімі болмаған. Өзі де, өмірі де қызығарлықтай емес. Прокурорлар екі жыл сұраған, ал мен бір жыл жаза кестім. Енді ол Шығыс Қазақстандағы ерекше режимдегі арнайы мектепте 12 ай болып келеді»,– дейді сот төрағасы Тахмина Сұлтанова.

Жасырын болған деректер енді ғана ашық жарияланып отыр.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *