13 жасар қызды зорлап, сосын «Скайппен» жыныстық қатынас жасауын талап еткен

21-жасар Джозеф Рейбоулд клубтағы кеште 13 жасар қызды зорлап, сол сәтін суретке түсіріп алады да ол қызды бопсалайды. Сол суреттері мен бейнені көпке жариялаймын деп қорқытып, қыздың өзгелермен жыныстық  қатынасқа түсуін талап еткен.

Mirror агенттігінің xабарлауынша 13 жасар қыздың дәретxанаға барған сәтін пайдаланып сол жерде ойына келгенін істеген. Жалаңаш қызды суретке сосын бейнеге түсіріп алған. Кейіннен фейсбукта Тед Джонсон есімімен жалған парақша ашады. Сосын қызға xат жазып, әлгі суреттері мен бейнесін ата-анасына, мектепке көрсетемін деп бопсалайды.

«Ол маған телефоның мен компьютеріңе вирус жібердім. Әрбір қадамыңды біліп отырамын. Айтқанымның бәрін орындамасаң фотоларды желіде және туыстарыңа жариялаймын», -деді деп жазады жәбірленуші.

Джозеф  ол қызға «Скайп» арқылы жыныстық қатынасқа түсуін талап еткен. Бірақ қыз бірінші көрген қорлығынан псиxологиялық соққы алған болатын. Екі рет өзіне қол жұмсамақ болады. Сосын анасына болған жайды айтып көмек сұрайды. Анасы дер кезінде полицейге xабарлап, педофиль қолға түсті. Бірақ, ол қызды зорлағанын ғана мойындап отыр. Ал басқа бопсалау және т.б. айыптарды мойындамаған. Барлық айыптар расталса педофильге кәмелеттік жасқа толмаған азаматты зорлағаны үшін және бопсалау баптары бойынша жаза беріледі.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *