1400 жылдан бері өсіп тұрған ағаш

Бірнеше ғасырлық ғұмыры бар бұл ағаш  Қытайдың Чжуннань тауының етегінде Гу Гуаньинь буддист шіркеуінің аумағында өсіп тұр.  Суретшілер күзді күні сары алтынға айналған табиғаттың кереметін суретке түсіріп алған. Бұл керемет ағашты көруге туристер саны жылдан-жылға артып отыр.

 

Гингко ағашы адиантум ретінде де танымал. 200 миллион жылдан бері бұл ағаш табиғаттың маусымдық өзгерістеріне қарамай, өсуін тоқтатқан емес.

 

Гингко ағашы 600 жылға дейін пирамида формасында өседі. Кейін бұтақтары қанат жайып, жапырағы жайқала түседі.

 

 Бұл ағаш өскен сайын, ені де ұлғая түседі.

Жас ағаштың биіктігі 40 метрге дейін жетеді. Ал ені 6 метрге дейін жалпаяды. 

Бұл ағаш қытай медицинасында халық емі ретінде қан тамырларының көптеген ауруларында қолданылады.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *