17 елдің студенттері Алматыда бақ сынасады

Бүгін «Almaty Arena» кешенінде футзалдан студенттер арасындағы Əлем Чемпионаты басталды. Халықаралық чемпионатқа келген 454 спортшы 17 елдің намысын қорғайды.

Спорттық жарыстың ашылу салтанатына Білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек пен ФИСО вице-президенті Мариан Димальски қатысты. 


Мадина Садуақасова, Кəмшат Жолдыбаева, «Алашұлы» тобы сынды жұлдыздар сахнаның сəнін келтірді. Сондай-ақ, жиналған қауым Денис Тенді еске алу мақсатында қойылған мұз үстіндегі би мен спортшы жайлы дайындалған арнайы бейнероликті тамашалады. Мұндай ауқымды шара ТМД аумағында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Студенттерден құралған 25 команда 19 мен 26 тамыз аралығында ойын көрсетеді. 


Отандық командаға жанкүйер болып келген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев спортшыларымызға үлкен үміт артып отырғанын жеткізді. 
«Бірінші кезекте Футбол федерациясына, қала билігіне алғыс білдіргім келеді. Әкімдік барлық жағдайды жасап, Әлем чемпионатының жақсы өтуіне тыңғылықты дайындалған. Және ұйымдастырушы қазақстандық ФИСО-ға да алғысым шексіз. Әрине, өз командамызға жанкүйер боламыз, біздің команда ең мықтылардың бірі және қазақстандық спортшылар үздік шығуын қалаймыз», — деді министр.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *