2021 жылдың қаңтарынан бастап білім беру саласындағы басқару жүйесі өзгертіледі

«Аудандық және қалалық білім бөлімдері облыстарға берілетін болады. Білім беру бөлімдерін беру заңды тұлғаның мәртебесін сақтай отырып жүзеге асырылады. Бұл ретте білім бөлімдері білім басқармаларының бақылауында болады».
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлім етті. Бұл ретте білім беру саласына бөлінетін бюджет қаражаты облыс деңгейінде шоғырланатын болады.
Сондай-ақ, білім басқармасы органдарының басшыларын тағайындау және босату тәртібі өзгертілді. Биылдан бастап басшыларды тағайындау және босату Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Өз кезегінде білім басқармалары Министрліктің келісімі бойынша білім бөлімдерінің бірінші басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады.
Бұл ретте аудан әкімдігінің келесі құзыреті сақталады:
— жетім балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
— түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
— ауылдарда білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
— оқушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру мәселесін қарастыру.
Сондай-ақ, жеке меншік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру рәсімі өзгереді.
Атап айтқанда, мемлекеттік тапсырысты орналастыру әкімдіктерден «Қаржы орталығы» АҚ-нан беріледі; комиссиялық шешім қабылдаудан бас тарту; құжаттар пакеті қысқартылады. Айта кеткен жөн, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар тарапынан ұйымдарға қатысты таңдау мен сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмайды, өйткені, таңдау ата-анаға тиесілі.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *