2026 жылы футболдан әлем чемпионатын қабылдайтын үш ел

Мәскеу қаласында халықаралық футбол федерациясы тұрақты мүшелерінің 68-ші шақырылымы өтті.

Шақырылымда  талқыға түскен басты мәселе — 2026 жылғы Әлем чемпионатын қабылдайтын елді анықтау. Солтүстік Америка құрлығындағы үш ел — АҚШ, Канада, Мексика бірлесе өткізуді ұсынған. Африка құрлығынан үміткер Марокко елі.

Дауыс беру қорытындысы бойынша алғашқы үш ел жеңіске жетті. АҚШ, Канада мен Мексика кандидатурасын 134 ұлттық федерация қолдаса, Мароккоға 65 дауыс берілген.

Нақты шешім бүгін ғана шыққанымен, бұл таласта қай тараптың жеңетіні жалпы жұртқа белгілі болатын. Себебі, Марокко бір өзі алпауыт үш елден озып шығарына ешкім сенбесі сөзсіз еді.

Әлем чемпионаты алғаш рет үш елде өтеді. Ал оған дейін 2022 жылғы дода Катарда болады.

2026 жылғы Әлем чемпионатына тұңғыш рет 48 құрама қатысады. Жалпы 80 матч өтеді. Оның 60-ы АҚШ елінде өтеді деп жоспарланып отыр.

АҚШ-та осыған дейін де әлем чемпионаты ұйымдастырылған. 1994 жылғы жарыста Бразилия құрамасы чемпион атанған болатын.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *