3 жастағы ұл мен қыз ата-анасынан айырылуы мүмкін

Алматыда ювеналды полиция инспекторлары жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссия мүшелерімен бірге апатты жағдайдағы үйден 3 жасар балаларды тауып алды, деп хабарлайды Алматы ІІД жергілікті полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Полиция қызметкерлері 40 жасар азаматтың мас күйде ұйықтап жатқан, ал балалар қараусыз жүрген жағдайға тап болған. Аналары жұмыста болған.

«Үйдің іші лас. Бөтелкелер мен қоқыс шашылып жатыр. балалар аш-жалаңаш жүр. Киімдері кір. Ата-аналарының өз балаларына деген немқұрайлылығы қайран қалдырды. Оларды қараусыз қалдырған, Сырттай қарағанда, балалар дені сау. Екеуі де үш жаста. Балабақшаға бармайды», – дейді Алматы қалалық ІІД ІІД жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

Балалар арнайы тексерістен өтіп, билік өкілдерінің шешімімен кәмелет жасқа толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығына жіберілді. 3 жасар екі бүлдіршіндерді қарап, олардың жағдайын жасауға уақыт белгіленді. Сол уақыт аралығында әке-шешесі талаптарды орындамаса олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *