5-мамыр күні Головкин кіммен жұдырықтаспақ?

Орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер 5 мамырға қалай қарсылас іздеп жатқанын айтты.

«Жуық арада қарсыластың есімін жариялаймыз деп үміттенемін. Негізі көп нәрсе NSAC комиссиясына байланысты. Альварес басқа жолы болмаған соң Головкинмен кездесуден бас тартты. Қазір «Канело» жаттығу жасап, екінші кездесуге дайындалып датыр. Ол да 5-мамыр күні жекпе-жек өткізгісі келеді. Сондықтан жаттығуларын тоқтатпады. Алдағы уақытта екінші кездесудің мәселесі туралы сөйлесетін боламыз. 

Головкинмен кездесуге ниетті үміткерлер өте көп. Бірақ бізге бір боксшыны таңдау керекпіз. Қазір біздің қолымызда бес боксшының тізімі бар. Келеңсіз жағдай болып қалмау үшін есімдерін атағым келмейді. Жекпе-жекке бар болғаны бір ай қалды. Қазір осы басты проблемма болып тұр. Бір анығы — қарсылас солақай боксшы болмайды. Головкин олаңқай боксшылармен спарринг өтізіп жатыр. Сондықтан да ол солақай боксшыға қарсы дайындалып жатқан жоқ. Иә, Гэри О’Салливан Головкинге қарсылас атауы мүмкін деген боксшылардың қатарында бар. 

«Канеломен» болған жәйт әрине өкінішті. Ең әуелі спорт үшін. Біз де бұл жағдайға байланысты жабырқап қалдық. Бұл жағдайдан кейін біздің қолымыздан келетін нәрсе — 5-мамырға Головкиннің кезекті жекпе-жегін ұйымдастыру. «Канелоның» ісіне байланысты шешім шықса, біз бірден екінші жекпе-жекті ұйымдастыру үшін келіссөз бастаймыз. Бірінші кездесуге төрешілер Головкиннен жеңісті ұрлап алғаннан соң, ол екінші рет кездесіп, Альварестен мықты екенін дәлелдегісі келеді», — деп келтірелі Леффлердің сөзін vRINGe.com порталы. 
Еске салайық, 5-мамыр күні Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы кездесу өткізу керек еді. Бірақ 3-сәуірден 4-сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions компаниясы арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда «Канелоның» орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) 5-мамыр күніне Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің өтпейтіні белгілі болды.

Бұл баспасөз жиынын соң Головкин де өз пікірін айтып, қандай жағдай болмасын 5-мамыр күні шаршы алаңға шығатынын айтты.

Эрисланди Лараны жеңген америкалық боксшы Головкинмен кездесуге дайын екенін айтты

Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О’Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Сондай-ақ «Канело» жекпе-жектен бас тартқаннан соң Сондерс те Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол қазақстандық боксшыны барлық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды.

Головкинмен кездесуге ережесіз жекпе-жек өкілі де дайын екен. Нақтырақ айтатын болсақ, отандасымызды UFC болашақ жұлдызы Брайан Ортега айқасқа шақырды.

Дереккөз: http://vesti.kz/

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *