56 жастағы әйел төлқұжат үшін сырт келбеті өзіне ұқсайтын адамды өлтіріп кеткен

АҚШ-та алдымен күйеуін, одан кейін өзіне ұқсатын бейтаныс адамды өлтіріп кеткен Минисота қаласының 56 жасар тұрғыны Энн Риеске іздеу жарияланды. 

New York Post-тың айтуынша, 23 наурызда қару жарақатын алған адамның мәйіті өз үйінде табылған. Оның екі апта бойы хабарсыз кеткені жайлы бизнес-серіктестері хабарлаған екен.

Бұл жағдайдан соң марқұмның әйелін еш жерден таба алмаған. Белгілі болғандай, ол күйеуін өлтіргеннен кейін, оның шотынан 11 мың доллар шешіп алып, Айова штатындағы казиноға жол тартқан. Қылмыскердің ізіне түскен полиция аталған мекен-жайға барғанша, Риес ол жерден ізін суытқан.

Көп ұзамай, Риестің Флорида штатына барғаны анықталды: 9 сәуірде сырт келбеті Риеске ұқсайтын 59 жастағы Памела Хатчинсонның өлі денесі табылды. Бейнебақылау камералары екі әйелдің сөйлесіп тұрғанын түсіріп алған. Ал Памеланың үйінің маңынан Риестің көлігі табылған.

Тәртіп сақшылары Риес  Хатчинсонның үйіне қандай да бір сылтаулармен кіріп, оны ақша мен жеке куәлікке бола өлтірді деп есептейді. Хатчинсонды өлтірген соң, марқұмның көлігін айдап кеткен. 

«Риес бет-әлпеті өзіне ұқсайтын адамдармен достасып, сосын оларды өлтіріп, солардың құжатымен жүреді», – деді полиция өкілі.

Құқық қорғау органдары Риестің қарулы және қауіпті екендігін айтып, ақшадан тарылған кезде тағы да қылмыс жасауы мүмкін деп ескертеді.

«Ол біреудің анасы немесе әжесі ретінде көрініп, күлімсіреп тұрады. Бірақ ол есеппен жүретін, суық қанды адам өлтіруші», – дейді тәртіп сақшылары.

Риес бұрын құмар ойындарға әуес болған екен. Ал бүгінгі таңда Миннесота мен Флоридада кісі өлтіргені үшін айыпталаып отыр. Оны екінші штатта қылмыс жасау мақсатында басқа адамдардың құжаттарын пайдаланғаны үшін іздеуде. Риестің бойы шамамен 165 см, салмағы 75 килограмм және қоңыр көзді, аққұба шашты әйел. Қазір адам өлтіріп, ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген бұл әйелдің үш баласы және немересі бар. Қазіргі уақытта қашқын Техаста жасырынып жүр деп болжанады.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *