6 айлық қызын шатырдан лақтырып жіберген әке ұсталды

Оңтүстік Африканың Квадеси ауданында ер азамат 6 айлық қызын үй шатырынан лақтырып жіберген деп жазады Daily Mail. Оған қазір адам өміріне қауіп төндіоді деген айып тағылып, қамауға алынды.

Аты белгісіз 38 жастағы ер азамат өзімен бірге үй шатырына қызын ала шыққан. Ол бұл әрекетімен заңсыз тұрғызылған үйлердің сүрілуіне қарсылық білдірген екен.

Сәбиді лақтырып жібергенде баланы жерден полиция қызметкерлері қағып алған және анасының қолына берілген. Ал әкесі сол жерде тұтқынға алынды.

Бұл оқиға Оңтүстік Африканың шығыс жағалауында заңсыз тұрғызылған 90 үйден тұратын Квадвеси ауданында болған. Билік бұл үйлерді сүруді тапсырыпты. Бірақ жергілікті 150 тұрғын бұған қарсылық білдіріп, көшеде тәртіпсіздік орнатты, жолдарды жауып, полицейлерге қарай кірпіш лақтырған.

sn.kz

«Әкеңнің өшін сенен аламын» — сәбиді қинап жатқан ананың (видео)

Бала күтуші баланы өлімші етіп сабап тастаған (видео)

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *