Ойыңызды материалдық күйге енгізуді үйреніңіз

Адамның қандай да бір жетістікке жетуі тек өзіне байланысты. Яғни, әрқайсымыздың өміріміз өз қолымызда. Басымызда болып жатқан жайттардың бәрі ойларымызбен байланысты.  Егер қазіргі жағдайыңызды өзгерткіңіз келсе, алдымен ойларымызға жауапкершілікпен қарап, ойлау дәрежемізді өзгертуіміз керек. Ал, ойларымыз материалдық күйге енуі үшін, мына қағидаларды естен шығармауымыз қажет:

  1. Визуализация. Сіз елестететін нәрсенің барлығы шынайы өмірге айналады. Ол үшін сіздегі визуализация жиі, нақты, үнемі болуы керек. Яғни, арманыңыз, алға қойған мақсатыңызды осы шақта ойлап, көз алдыңызға елестетіп жүріңіз.
  2. «Жоқ» деген сөзді айтпаңыз. Менде ақша жоқ, алтын жоқ, киім жоқ, анау жоқ, мынау жоқ деп үнемі «жоқ» дей берсеңіз, ол болмайды да. Оның орнына менде бәрі бар, жағдайым жақсы, бәріне қол жеткіземін деп сеніммен қарайтын болсаңыз, Алла тағала қанағатыңызға риза болып, одан да жақсы сыйларымен қуантары анық.
  3. Негативтен аулақ болыңыз. Біреуге жамандық ойлап, пайда көрмейсіз. Тілеген жамандығыңыз өзіңізге қайтары сөзсіз. Сондықтан, тек позитивті ойлап, жаныңыздағыларға жақсылық тілеп жүріңіз. Мысалы, біреуден қарызыңызды қайтара алмай жүрсеңіз, оған жамандық тілеудің орнына, оның жағдайының жақсаруын тілегеніңіз абзал.
  4. Өзгелердің тағдырына араласпаңыз. Тек өз өміріңізге қатысты ойлар ғана материалдық күйге енеді. «Күйеуім табысты жұмысқа тұрса екен», «Құрбым күйеуге шықса екен», «Балам жақсы оқыса екен» деп ойлай бергенше, жақындарыңызға өз ойларымен дұрыс жұмыс істеуді үйретіңіз.
  5. Вербализация. Сіз үшін қалаулы нәтижені нақты қалыптастырыңыз (мысалы, «Барлығы оңтайлы шешіледі», «Ол іс менің қолымнан келеді»).

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *