7 сынып оқушысы бауырларын өрттен алып шыққанымен тым кеш еді

Үш жасар қыз бен 5 жастағы ұл өртенген үйден шыға алмай түтінге тұншығып қалған. Болжам бойынша, жалынды сіріңкемен ойнаған балалардың өздері тұтатуы мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

 

Ата-анасы екі бүлдіршінді 7-сыныпта оқитын ағасымен қалдырған. Дүкенге шығып кеткен ағасы үйге оралғанда үйдің жанып жатқанын көреді. Дерей ішке кіріп, бауырларын оттан алып шыққан. Бірақ, тым кеш болғанекен. Екі блдіршін де түтінге тұншығып жан тапсырған.

Ал сол сәтте от құрсауында қалған балаларды құтқаратын ешкім болмапты.

“Ол кезде от қатты жанып жатқан жоқ еді. Түтін будақтап тұрған. Балаларды далаға алып шыққанда олар өлі болатын. Алғашында есінен танып жатыр ма деп ойлағанбыз. Ыста 5 минут қалсаң жетіп жатыр. Ал олар ұзақтау жүріп қалған”, – дейді оқиға куәгері Галина Прохорова.

Жамбыл жұртының қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиға кеше кешкісін болған.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *