7 жыл бойы баланы өлдіге санап, ата-анасынан жасырып келген

Осыдан 7 жыл бұрын перзентханада дүниеге келген сәбиді ата-анасынан жасырып қойған. Ресейдің Волгоград қаласындағы перзентханада босанған әйелге шарананың 1 аптадан артық өмір сүре алмайтынын айтып, ата-анасын одан бас тартқызады. Дегенмен, олар арада 5 күн өтіп баланы алуға қайта келгенде перзентханадағылар сәбидің қайтыс болып кеткенін хабарлайды.

2011 жылы бұл оқиға қайта көтерілген. Соттан кәмелетке толмаған балаға күтім жасағаны үшін балалар үйіне өтемақы төлеу туралы құжат келеді. Мекен-жай бойынша оларды таппағандықтан банк карточкаларын уақытша істен шығарады. Есепшоттан қаражат алынбау себебін анықтауға барған әйел сот шешімі жазылған құжатты көріп, есінен танған. Оқиға шиеленісе түсіп, ақыр соңында 2017 жылдың қараша айында «жетім» баланың әке-шешесіне қауышуы туралы сот шешімі шықты. 2018 жылдың басында ата-ана өз перзентімен қауышты.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *