700 жылдық алтын насихат

Жоғарыдағы суреттегі жазу – атақты Ислам ғалымы Шейх әдәб Алидың насихаты. Бұл насихаттың жазылғанына арада аттай 700 жыл өтсе де, әлі күнге ескірмегендігі, құнын жоймағандығы, одан бергі заман ағымына қарамастан өміршең қалпын сақтауы, шындығында да, таңғаларлық жайт.
«Балам, таң қылаң бере бастағанда туылып, кешкі азан оқылғанда өлетін адамдар болады. Өзіңді баса біл!
Бойыңдағы күштілікті, ақылдылықты, ауыздағы сөзіңді қашан, қай жерде, қалай қолдану керектігін білгейсің. Әйтпесе, бір күні жел соққандағы қауқарсыз жапырақ кейпіне түсерің анық. Ашуың мен нәпсің бір жақ боп ақылыңды жеңіп кетпесін. Ылғи да сабырлы, тұрақты бол, өз ерік-жігеріңді өз қолыңда ұста. Сенің көзіңе басылғандай әлем соншалықты үлкен емес. Әлі де жасырын, әлі де жұмбақ дүниелер сенің парасаттылығың арқылы ашылатыны даусыз.
Ата-анаңды құрметте! Берекет үлкендермен бірге жүреді. Бұл дүниеде наным-сеніміңнен қол үзіп қалар болсаң, жап-жасыл күйіңде қурап, шөлге айналасың. Ақжарқын бол, ашық айт. Әр сөзді көңіліңе ала берме. Көп білемдікке салынба, әр көргеніңді айта берме.
Өзіңді жақсы көретін жерге көп барма, өзіңе деген сый-құрметтен айырыларсың. Үш кісіге жаның ашысын:
1. Надандар арасындағы ғалымға;
2. Байлығынан қол үзген кедейге;
3. Құрметке ие болып жүріп абыройынан айырылған адамға.
Жоғарыдағы орынға ие болғандардың жердегілер секілді алаңсыз отыра алмайтындығын ұмытпа! Ақ екенің рас болса, күресуден қорықпа!».

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *