Ескене, Иманах таулы өңірлерінің ерте көктемде гүлдейтін эфемерлері мен эфемеройдтарының биоэкологиялық ерекшеліктері

Бұл мақалада Жаңаарқа ауданына қарасты Ескене таулы өңірі бойынша әр түрлі өсімдіктер бірлестігінде 11 тұқымдасқа жататын 25 түрлі эфемерлер мен эфемеройдтардың анықталғандығы туралы айтылады. Тіркелген өсімдіктерге фитоценологиялық сипаттама беріліп, олар экоморфасына, өмір сүру формасына, систематикасына, өсу ортасына және қолданылуына қарай жіктеліп көрсетілген.
Кілт сөздер: фитоценология, мезоксерофит, ксерофит, ксеромезофит, гемикриптофит, терофит, эксперимент.
Қазіргі таңда Қазақстанның бұрын соңды зерттелмеген шалғай орналасқан аудандарының өсімдіктер бірлестігінің типін анықтап, солардың ішінде пайдалы өсімдіктердің биэкологиялық ерекшеліктерімен танысып, олардың шикізатының қорын анықтап, тиімді пайдалану жолдарын тауып, халық шаруашылығының әр түрлі саласында қолдану үшін жан-жақты зерттеудің теориялық және практикалық маңызы зор. Әсіресе, сол пайдалы өсімдіктердің ішінде ерте көктемде гүлдейтін эфемерлер мен эфемеройдтардың түрлерін анықтау, сол сияқты сирек кездесетін, жойылып бара жатқан, эндемдік өсімдіктердің биэкологиялық ерекшеліктерімен танысып, ивентаризация жұмыстарын жүргізудің ғылымда алатын орны ерекше. Әдеби деректерде Орталық Қазақстан бойынша, Ортау, Қызылтау, Ақтау өңірлерінің пайдалы өсімдіктерінің биэкологиялық ерекшеліктері, таралуы, қоры туралы біраз жұмыстар жүргізілгендігі анықталды. [l-4]
Ал, қарастырылған әдебиеттерде осы Жаңаарқа ауданына қарасты басқа таулы өңірлердің өсімдіктері туралы ғылыми жұмыстар жоқтың қасы.Сондай зерттелмеген таулы аудандарға Ескене таулы өңірі жатады. Қарағанды облысы бойынша ерте көктемде гүлдейтін эфемерлер мен эфемеройдтар туралы бір ғана еңбек [5] жазылған.
Осыған байланысты, әдеби деректерді негізге ала отырып, бұрын соңды зерттелмеген аудандардың қатарына жататын Ескене таулы өңірінің өсімдіктер бірлестігінің типін анықтап, әр түрлі өсімдіктер бірлестігінде кездесетін ерте көктемде гүлдейтін эфемерлер мен эфемеройдтарын анықтап, инвентаризация жұмысын жүргізуді мақсат етіп қойдық. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойылды:
1. Зерттеуге алынған Ескене өңірі бойынша Жартас, Оқтөңген және Ескене, Таңқы тауларының өсімдіктер бірлестігінің типін анықтау;
2. Зерттелетін таулы өңір бойынша әр түрлі өсімдіктер бірлестігінде кездесетін эфемерлер мен эфемеройдтардың тізімін жасау;
3. Осы өңір бойынша әр түрлі өсімдіктер бірлестігінде тіркелген эфемерлер мен эфемеройдтарды таксономиясына, экоморфасына, өмір сүру формасына және қолданылуына байланысты топтарға жіктеп, сипаттама беру.
Зерттелетін өңір Жаңаарқа ауданына қарасты Ескене таулы аймақ Жаңаарқа ауданынан батысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. Ескене ауылы Ескене тауы жотасының қойнауында орналасқан. Ауылды екіге бөліп Ескене өзені ағып жатыр.
Ескене – аласа шоқылы таулардың қатарына жатады. Осы Ескене таулы өңіріне жататын төрт таулы өңірлі бөлімшелердің: Жартас, Оқтөңген, Ескене, Таңқы бойынша далалық эксперимент жұмысы жүргізілді. Негізінен бұл аймақта құрғақ жазық далалық және шалғындық өңірлер басымырақ кездеседі.[6]
Біздің далалық зерттеу жұмысымыз жоғарыда аталған аласа шоқылы-таулы өңірлердің әр түрлі өсімдіктер бірлестігінде жүргізілді. Далалық зерттеу жұмысы барысындазерттеуге алынған өңірлердің өсімдіктер бірлестігінің типтері анықталып, оларға фитоценологиялық сипаттама беру берілді және осы өңірлерде кездесетін ерте көктемде гүлдейтін эфемерлер мен эфемеройдтардың түрлері анықталды. Олардың қатарына біржылдық және көпжылдықтардан вегетациялық дәуірі қысқа эфемеройдтар кіргізілді. Эфемеройдтар негізінен көп жылдық шөптесін өсімдіктер, әдетте олар вегетациялық дәуірі қысқа және вегетациялық дәуірі ұзақ болып екі топқа бөлінеді. Вегетациялық дәуірі қысқа болып келетініндері ерте көктемде гүлдеп, 35-40 күннің ішінде тұқым мен жемісін беріп, күн ысыған кезде жер үсті мүшелері қурап, тыныштық дәуірге кететін, бірақ жаз бойы жерасты тамырсабақтарына қарқынды түрде қор заттарын жинайтын және қыстаған бүршіктері сақталатын өсімдіктер, (тамырсабақ, пиязшық).
Қыстап шыққаннан кейін келесі жылы күн жылына бастаған кезде еріген қар суын пайдаланып бірден вегетациялық дәуірге көшеді де барлық вегетациялық дәуірдің фазаларын 1-1,5 ай ішінде өтіп, гүлдеп, тұқым мен жемісін беріп қайтадан тыныштық күйге көшеді.

Эксперименттік бөлім
Зерттеуге алынған Ескене өңір бойынша эфемерлер мен эфемеройдтардың түрлеімен танысып, оларға инвентаризация жұмысын жүргізу үшін әр түрлі өсімдіктер бірлестігінің типтері анықталып, оларға фитоценологиялық сипаттама берілді. Бұл далалық эксперименттік жұмыстар байырғы Б.А. Быков[7], В.М.Понятовская[8] әдістері бойынша жүргізілді. Ал Өсімдіктердің таксономиялық ретін анықтау жұмысы «Флора Казахстана»[9-17] бойынша жасалды. Фитоценологиялық сипаттама беру барысында тіркелген эфемерлер мен эфемеройдтар систематикасына, экоморфасына, өмір сүру формасына және пайдалануына қарай жіктелді.
Жаңаарқа ауданының Ескене өңіріндегі эфемерлер мен эфемеройдтардың ішінде көп кездескені – бұршақ тұқымдастары. Туыс саны – 4, түр саны 5. Таспа туысынан : Astragalus puberueusus – астрагал пушистый — түкілпе таспа, жоңышқа туысынан: Vicia cracea – горошек мышиный — тышқансиыр жоңышқасы, әйкендер туысынан: Lathyrus pratensis – чина луговая -шалғындық әйкен, Lathyrus tuberosus — чина клубневая — Шалғындық әйкен, мия туысынан: Clycyrrhiza aspera – солодка уральская -тәуір мия кездесті. Раушангүлділер тұқымдасынан 2 туысқа жататын 4 түр. Қазтабан туысынан: Potentilla reptans – лапчатка ползучая — жатаған қазтабан, Potentilla flagellaris — Лапчатка плетевидная — Шырмауық қазтабан, Potentilla bufursa – лапчатка вильчатая — Айыр қазтабан. Тобылғы туысынан: Spiraea hypricifolia – зверобоелистная таболга — Шайқурай жапырақты тобылғы. Күрделігүлділер тұқымдасында 3 туысқа жататын 3 түр. Таусағыз туысынан: Scorzanerna austriaceae – козелец австрийский — австрия таусағызы, Түймешетен туысынан Tanacétum vulgáre — Пижма обыкновенная – кәдімгі түймешетен, Желкек туысынан: Tragopogon ruber – козлобородник красный – Қызыл желкек. Шаршыгүлділер тұқымдасынан кездескен туыс саны -2, оған жататын түр саны – 2. Жұмыртамыр туысынан: Allyssum campestre – бурачок полевой –Дала жұмыртамыры, әтеп туысынан: Syrenia sessiliflora – сирения сидячецветковая – Отырыңқы гүлді әтеп. Лалагүлділер тұқымдасынан 3 туысқа жататын 4 түр. Пияз туысынан: Allium cepa – лук репчатый — қатпарлы пияз, қызғалдақтар туысынан: Tulipa Schrenka – тюльпан Шренка — Шренк қызғалдағы, T. patens agardh – Тюльпан поникающий, секпілгүл туысынан : Fritillaria meleagroides Patrin – рябчик малый – Кішкентай сепкілгүл. Geraniaceae – гераниевые — Қазтамақтар тұқымдасына, оның ішінде қазтамақтар туысына жататын 2 түр: G.Pratense – герань луговая — шалғындық қазтамақ, G. schrenkionum – Герань Шренковская — Шренков қазтамағы. Iredaeceae – Ирисовые — Құртқашаштар тұқымдасына, құртқашаштар туысының 3 түр: I.tenuifolia – касатик тонколистный – Жіңішке жапырақты құртқашаш, I.haematophylla – касатик кровянистолистный — Қошқылжапырақты құртқашаш, I.scariosa – касатик кожистый – қабықты құртқашаш. Boraginaceae — бурачниковые – Қияршөптілер тұқымдасынан, ботагөз туысына жататын: Myosotis arvensis – незабудка полевая — Дала ботагөзі, кәріқыз туысынан Lepula omphaloides – Лепёхиниелла пупковидная — Кіндік тәрізді кәріқыз. Тұқымдастар ішінде ең аз кездескендері: Labiatae – Ерінгүлділер тұқымдасы, бір ғана түр: Phlomis tuberose – зопник клубненосный –Түйнекті әрем. Rubiaceae –- Рияндар тұқымдасының бір түрі Calium mugosharicum – М.Қызылбояушөп. Papaveraceae — Көкнәр тұқымдасы, айдаршөп туысына жататын: Corydalis schangini – Шангин айдаршөбі – хохлатка Шангина. Scrophulariaceae – норичниковые — сабынкөктер тұқымдасының, бөденешөп туысына жататын Veronica longifolia — вероника длиннолистная — Ұзын жапырақты бөденешөп кездесті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ахметжанова А.И., Мыңбаева Р.О., Әуелбекова А.К// Халық медицинасында пайдаланылатын Орталық Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және олардың таралуы// Вестник КарГу 2002, №1, 70-75 б
2. Ахметжанова А.И., Наурызбаева А.Н// Ақтау таулы өңірінің кең таралған кейбір дәрілік және эфир майлық өсімдіктерінің жер беті мүшелерінің шикізат қоры// Вестник КарГу 2017, №3, 20-25 б
3.Ахметжанова А.И., Ауельбекова А.К,. Қыздарова Д.Қ,. Наурызбаева А.Н// Ақтау таулы өңірінің пайдалы өсімдіктері//Вестник КарГу 2015, №4, 23-32б
4. А.К. Ауельбекова А.І. Ахметжанова, Р.А. Егеубаева. Орталық Қазақстанның Ортау және Қызылтау таулы аймақтарының пайдалы өсімдіктері// сборник трудов ІІІ Междун.конф., посвещенной памяти выдающихся ботаников Казахстана. – Алматы, 2006
5. А.И. Ахметжанова, Д.К. Кыздарова. Ранне-цветущая флора центрального Казахстана А95 Ахметжанова А.И: дорога ученого: Сб.науч.тр.,посвящ. 70 –летию со дня рождения. – Караганда, 2014.-273 стр.
6. Жаңаарқа: Энциклопедия. – Алматы: Темірқазық, 2009, 8-14с.
7.Быков А.В. Геоботаника. Алма- Ата. 1957, 382с.
8.Понятовская В.М.Учет обилия и особенности размещения видов в естественных сообществах. Полевая геоботаника. Т.3. М-Л. 1964, 209-299с.
9.Флора Казахстана Т.1.-Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1956, 354с.
10. Флора Казахстана. Т.2.-Алма –Ата: Изд-во АН КазССР, 1958, 290с.
11. Флора Казахстана. Т.3.- Алма –Ата: Изд-во АН КазССР, 1960, 485с.
12. Флора Казахстана. Т.4.-Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1961, 545с.
13. Флора Казахстана. Т.5 .-Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1961, 515с.
14. Флора Казахстана. Т.6 .-Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1963, 465с.
15. Флора Казахстана. Т.7 .-Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1964, 498с.
16. Флора Казахстана. Т.8.-Алма-Ата: Наука, 1965 448с.
17. Флора Казахстана. Т.8.-Алма-Ата:Наука, 1966,425с.

А.И.Ахметжанова, Нұржанова П.
Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *