Гранттардың тізімі тек электронды түрде жарияланады

Ертең — биылғы талапкерлер мен ата-аналары үшін маңызды күндердің бірі. ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия бүгін жұмысын аяқтайды. Білім беру гранттары иегерлерінің толық тізімі 6 тамыз күні сағат 10.00-де белгілі болады. Цифрландырудың арқасында тізім биыл электронды түрде жарияланады. Бұрынғыдай ұзын сонар кезекке тұрмай, газет сатып алып, шығындалмай-ақ, нəтижесін ғаламтордан көре аласыздар. Грант иегерлерінің тізімі келесі сілтемелер бойынша қолжетімді болады:

https://egemen.kz
https://kazpravda.kz
www.testcenter.kz
@testcenterBot телеграм бот

2018-2019 оқу жылында ЖОО-ға түсетін 53 мың түлек мемлекеттік грантты иеленеді. Əрбір талапкерге ертеңгі күн сəтті, қуанышты күндердің бірі болғай!

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *