8 жасар бала дәрінің көмегінсіз ракты соңғы сатысында жеңіп келеді

Бұл бала ракты соңғы сатысында жеңіп, ең тәжірибелі деген дәрігерлерді таңғалдырды. Ең қызығы, асқынып бара жатқан дерттен ол ешқандай дәрінің көмегінсіз айығуда.

7 миллиард ішінде жалғыз 8 жасар бала дәрінің көмегінсіз ракты соңғы сатысында жеңіп келеді

Бұл туралы Life.ru-ға сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

8 жасар Джулиан Маланковскидің ата-анасы ұлдарының дертіне көндіккен. Ата-анасы өлімге дайын болған шақта 8 жасар бала дертті жеңіп, отбасына үміт сыйлаған.

Ержүрек балаға дәрігерлер 2011 жылы сұмдық диагноз қойыпты – «өткір лимфогендік лейкоз». Бұл қан обырының ең қауіпті әрі емделуге келмейтін түрі.

7 миллиард ішінде жалғыз 8 жасар бала дәрінің көмегінсіз ракты соңғы сатысында жеңіп келеді

Осы уақыт аралығында бала химиотерапия курстары мен сүйек кемігін ауыстыру арқылы үш мәрте аурудың бетін қайтарған. Алайда рак 2017 жылы қайта өрши түскен. Бұл Джулианның отбасы үшін ауыр соққы болды. Себебі дәрігерлер оның әрі кетсе Рождествоға дейін өмір сүретінін айтқан.

Дәрігерлердің өзі үміт үзгенде, бір ғажайып орын алды. Қан анализінің нәтижелері ақырындап жақсара бастады. Дәрігерлер бұған сенер-сенбесін білмей, баланың кемік сүйегін зерттей бастады.

7 миллиард ішінде жалғыз 8 жасар бала дәрінің көмегінсіз ракты соңғы сатысында жеңіп келеді

Ақырында ең тәжірибелі деген онкологтардың өзі бір ғажаптың орын алғанын мойындауға мәжбүр болды. Рак жасушаларының деңгейі екі есеге төмендеген. Джулианның жағдайы бірегей деп тіркелді. Себебі ол ракты соңғы кезеңінде жеңген әлемдегі жалғыз бала! 7 миллиардтың ішінде жалғыз!

Қазіргі таңда баланың диагнозы өзгерген. Ол енді «өткір меилоидті лейкоз» дертімен күресуде. Бұл – обыр дертінің емдеуге келетін түрі.

7 миллиард ішінде жалғыз 8 жасар бала дәрінің көмегінсіз ракты соңғы сатысында жеңіп келеді

Джулианның анасы, 30 жастағы Анета Маланковскидің пікірінше, баланың айығып кетуіне арнайы диета сеп болған. Айтуынша, ол ұлына алатікен, сілтілі су және жаңа сығылған шырын беріп отырған.

«Біз бұған сене алмадық. Себебі дәрігерлер бірнеше айдан бері ұлымның өліп кетуі мүмкін екенін айтты», – дейді баланың анасы.

Бүгінде Джулиан Англияның Манчестер қаласында ауруханада жатыр. Ол тағы бір химиотерапия курсына дайындалуда. Егер ем сәтті өтсе, оған тағы да бір рет сүйек кемігін ауыстыру отасы жасалуы мүмкін.

7 миллиард ішінде жалғыз 8 жасар бала дәрінің көмегінсіз ракты соңғы сатысында жеңіп келеді

Дереккөз STAN.KZ

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *