Қайрат Нұртас қандай ән жазып күлкіге қалды?

Халықтың сүйікті әншісі  Қайрат Нұртас екі тілде жазылған «My Universe» әнін жарыққа шығарды.  Әнші жаңа туындысын өзінің туған бауыры Заңғармен бірге шырқап, халықтың күлкісіне қалды. Себебі, ән оғаш естіліп, анық акцент білініп тұрған екен.  

Қайрат Нұртас інісі  Заңғармен бірге «My Universe» әнін жарыққа шығарды. Бірнеше күн ішінде ән  YouTube арнасында 28 мың қаралым жинап қана қоймай, көптеген пікірталастар тудырды. 

Көбісі, әншінің анық білініп тұрған акцентін сөз етті. 

«Әннің әуені, әңгімесі жоқ, әдемі жазылған. Алайда, айтылуы өте төмен дәрежеде. Одан да,  әнді қазақ тілінде қалдыруы керек еді. Бірақ Қайраттың айтқан бөлігі маған өте ұнады»,

«Жөс май өнивөрс, вөрс вөрс вөрс»,  «Менің ағылшынша сөйлеу дейгейім: KN»,  «Ал маған ұнады, ерекше деп есептеймін!»,  «Браво! Бұл әнді шетелдіктерге ұялмай көрсетуге болады… деп айтқым келеді. Бірақ, айта алмаймын! «,  «Мына акцент құлаққа өте жағымсыз»,

«Маған ұнады. Ағылшын тілі біздің туған тіліміз емес. Сондықтан бұл қалыпты деп ойлаймын. Бұл жаңа сарынды ән»,   «Бірденеде юниверс өрс өрс өрс»,  «Қалай күшті! Бұрын ұнатпаушы едім. Енді мұндай әндер маған ұнайды»,

«Адамдарға не болған? Ағылшын оның туған тілі емес. Ағылшынша тұңғыш әні ғой. Түсіністікпен қарасаңыздаршы!  Ал ән, шыныңда, өте жақсы!»,  «Есесіне, ағылшын тілі қазақтың қоңыр үнімен…».   Бұлардың барлығы әнге жазылған пікірлер. 

Ал, сізге Қайрат Нұртастың жаңа әні ұнады ма? Пікір қалдырып, өз ойыңызбен бөлісе отырыңыз.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *