Қайрат Нұртас «Мен сені сүйем, Джули» деп кімге сырын ашты?

Қайрат Нұртас өзінің инстаграм парақшасына «Мен сені сүйем, Джули» деп жазып оқырмандарын таң қалдырды. Мұқият оқыса онда ол өзінің жұбайы Жұлдызды солай еркелетіп айтқаның оқуға болады. Шаңырақ көтергендерінің он жылдығын Мальдив аралдарында тойлап жүрген әнші әйелін осылайша еркелетіп құттықтаған. Еліміздің белгілі бір телеарнасында көрсетілген, Мейрамбек Беспаевтың бастамасымен өткен «Жұлдызды жекпе-жек» бағдарламасының жеңімпазы атанған Қайрат Нұртас, Мальдив аралдарына жолдама ұтып алып, жан-жарымен демалысқа аттанған.

Естеріңізге сала кетсек, Қайрат Нұртас 10 жыл бойы халықтан жасырып келген әйелін бірнеше ай бұрын «Арман» киносы арқылы көпшілік қауымға таныстырған болатын.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *