Ал сіз заманауи жеті кереметті білесіз бе?

New Open World Corporation компаниясының ұйымдастыруымен өткен халықаралық байқауды жеңген есткерткіштер. Бұларды «жаңа жеті керемет» деп атайды.

Иорданиядағы Петрдің қаласы

   Аравия шөлінің шетінде Өлі теңізден оңтүстікке қарай таулардың арасында орналасқан. Набатия империясының астанасы болған. Бүгінгі күнге дейін сақталған ежелгі қалалардың ең кереметі осы шығар. 1812 жылы швейцарлық зерттеуші Иоганн Людвиг Буркхардпен табылған болатын.

  

Ұлы Қытай қорғаны

    Бұл әлемнің керемті б.з.д. 220 және б.з. 1644 жылдар аралығында құрылған. Қорғанның құрылуының мақсаты Моңғол шапқыншылығынан қорғану болатын. Сондай-ақ, ғарыштан көрінетін жалғыз монумент.

 

Аградағы Тәж Махал

   Агра қаласында 1631 және 1654 жылдар аралығында құрылған. Құру үшін 20 000 жұмыскер жұмыс істеген.

  

Римдегі  Коллизей

     Римнің ортасында І ғасырда құрылған. 50 000 көрермен сыйғыза алатын ежелгі империада құрылған ең үлкен амфитеатр.

 

Мексикадағы  Чичен-Ица

      Юкатан түбегіндегі басты археологиялық жерлердің бірі. Чичен-Ицаның ортасында майяның ең үлкен және соңғы храмы — Кулькана пирамидасы бар.

 

Перудегі Мачу-Пикчу

   1440 жылы құрылған, бұл қоныс теңіз деңгейінен 2350 метр биіктікте, Амазоның шыңында, Урубамба өзенінде орналасқан. Қала ғасырлар бойы ұмытылған болатын, 1911 жылы американдық археолог Хирам Бингем қайта ашты.

 

Рио-де-Жанейродағы құтқарушы Христос ескерткіші

     Теңіз деңгейінен 709 метр биіктікте, Корковадо тауының жоғарғы жағында орналасқан. 1931 жылы құрылды, жалпы биіктігі 38 метр.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *