Қалалық және ауылдық мектептердің білім сапасы арасындағы алшақтық қысқарады

«Қалалық және ауылдық мектептер, өңірлер, оқу орындары арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту бойынша жетекшілік, «Мобильдік мұғалім», «Уақытша отбасы» пилоттық жобасын енгізу, ауылдық мектептерден дарынды балаларды анықтау және қолдау, ауылдық жалпы білім беретін мектептерді оқыту материалдарымен, компьютерлік жабдықтармен және цифрлық техникамен жарақтандыруды көздеп отырмыз»,-деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Алдағы уақытта білім беру ұйымдарын кеңейіп, үш ауысымды мектептер мен оқушы орны тапшылығы мәселесі шешіледі. Сондай-ақ, апаттық мектептерді азайтуды шешу мақсатында 650 мыңнан астам орынға жаңа мектептерді мемлекеттік бюджет қаражатына және жеке инвестиция тарту арқылы салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ауыл мектептерін қолдау бойынша тірек мектептер үшін 114 интернат салу, қолданыстағы интернаттардың жағдайын жақсарту көзделіп отыр. 150-ден астам оқушы оқитын мектептерге 724 спортзал салу жоспарлануда. Бұл өз кезегінде оқушылардың спортпен айналысуына жағдай жасайтын болады. Министрдің пайымдауынша, жаңа бағдарлама шеңберінде барлық мектептер жаңа модификациялы STEAM, физика, химия, биология пәндік кабинеттерімен толық қамтамасыз етіліп,  педагогтер 100 пайыз компьютерлермен қамтылады.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *