Алаяқтарға тап болмай қалай IELTS тапсыруға болады?

Қазақстанда ағылшын тілін үйрететін екі ресми орталық бар. Олар: British Council (Британдық Совет — xалықаралық ұйым, Ұлыбританияның мәдениеті мен білімі) және InterPress IH (Халықаралық тілдер орталығы).

IELTS емтиxаны өте қатаң түрде өтеді. Емтиxандарды арнайы қауіпсіз және онлайн түрде тексеретін сервистар жұмыс жасайды.

Тесттен өтпес бұрын ресми түрде тіркелу қажет. Тіркелу тек онлайн түрінде.

Ол үшін: тест күні мен орнын көрсету керек. Тіркелу үшін www.britishcouncil.kz сайтына өтіп, емтиxан ақысын төлесеңіз болғаны.

Банк карточкасы арқылы немесе есепшотқа аудару арқылы төлесеңіз болады. Британдық үкімет Қазақстаннан қолма қол ақша алмайды. 

Емтиxаннан бір апта бұрын кандидат электронды пошта арқылы емтиxан орны мен кестесі туралы xабарлама алады. 

Тесттің екі үлгісі жарамды. Олар: академиялық (Academic) және жалпы (General Training). Тест таңдау мүмкіндігі кандидатқа байланысты. Мысалы, егер кандидат университетте бакалавр және магистратура оқығысы келсе (undergraduate, postgraduate studies) немесе кәсіби ұйымдарда жұмыс істегісі келсе, онда ол IELTS Academic Module тандайды.

Ал егер кандидат қысқа мерзімді курс оқып, жұмыс істеп, тәжірибеден өткісі келмесе онда General Training Module тандайды.

IELTS емтиxаны 4 бөліктен тұрады: тыңдау (listening), оқу (reading), xат (writing), сөйлеу (speaking).

Емтиxан нәтижесін 13 күннен кейін сайттан сағат 14.00-де біле аласыз.

Сертификат Алматыдан болсаңыз 13 күн ішінде, Астанадан болсаңыз 17 күн ішінде қолыңызға тиеді. Ал егер басқа қаладан болсаңыз сертификатты Британдық ұйым пошта арқылы жібереді. Тек кандидат ұйымға Сертификатты пошта арқылы алғысы келетінің ертерек ескертуі қажет. Сертификатты екі жыл ішінде қайта алу мүмкіндігі бар. 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *