15 Окт, 2018

Алдағы апта кинотеатрлардан қандай фильмдер көреміз?

19 сәуірден басталатын апта тұсаукесерлері

Бұл аптада отандық киномандарды әйгілі «Такси» фильмінің шығуы, Данила Козловскийдің «Жаттықтырушы» картинасындағы нағыз құштарлық және «Қауіпті кәсіп» фильміндегі тартымды Шарлиз Терон күтуде. Жас көрермендер үшін айналымға «Қоштасу таңын уәде гүлдерімен көмкер» анимесі және «Леонардо: Мона Лиза міндеті» шытырман оқиғалы мультфильмі шығады.

«Жаттықтырушы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 19.04.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Данила Козловский

Рөлдерде: Данила Козловский, Владимир Ильин, Андрей Смоляков, Асқар Илясов

Жанры: драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Сәтсіз маусымнан кейін ұлттық құраманың футболшысы Юрий мансабына нүкте қоюды жөн санайды. Алайда, футболға деген махаббаты оған маза бермейді, сондықтан ауылдық клубтың жаттықтырушысы болады. Юрий жас жігіттердің көмегімен үлкен ойынға қайта оралғысы келеді.

«Такси 5»

Қазақстандағы тұсаукесер: 19.04.2018

Мемлекеті: Франция, 2018

Режиссері: Франк Гастамбид

Рөлдерде: Франк Гастамбид, Малик Бенталха, Бернар Фарси

Жанры: комедия, атыс-шабыс, қылмыстық

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Полицей Сильван Маро Марсельге ауыстырылды, ол жақта белгісіз жарысушылар бағалы тастарды ұрлаумен айналысып жүреді. Ұстатпайтын тонаушыларды ұстау үшін Мароға әйгілі такси қажет. Алайда, ол көлік іздеп жүріп, жолы болмайтын Эддиге – Даниэльдің туған жиеніне жолығамын деп ойламаса керек.

«Леонардо: Мона Лиза міндеті»

Қазақстандағы тұсаукесер: 19.04.2018

Мемлекеті: Италия, 2018

Режиссері: Серджо Манфио

Рөлдерде: Алекс Полироди, Эмануэла Ионика, Габриэль Патриарка

Жанры: мультфильм, шытырман

Жас шектеуі жоқ

Леонардо – әуесқой өнертапқыш, оның идеяларын досы Лоренцо қолдап жүреді. Балалардың анда-санда өздерін мазақтайтын Джоконда есімді құрбылары бар. Бір күні қалаға саяхатшы келіп, осы үштікке жоғалып кеткен қазына туралы айтып береді. Көп ойланбастан, Леонардо достарымен бірге қазынаны іздеуге шығады.

«Қауіпті кәсіп»

Қазақстандағы тұсаукесер: 19.04.2018

Мемлекеттері: АҚШ, Аустралия, 2018

Режиссері: Нэш Эдгертон

Рөлдерде: Шарлиз Терон, Джоэл Эдгертон, Дэвид Ойелоуо, Аманда Сайфред

Жанры: атыс-шабыс, комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Гарольд – медициналық марихуана өндірумен айналысатын компанияның жұмысшысы. Ол ірі фармацевтикалық фирмамен келісім орнату үшін Мексикаға аттанады. Бірақ, оны жергілікті картель ұрлап кетіп, құн сұрайды. Компания басшысы кез-келген жолмен Гарольдті құтқаруға тырысады.

«Қайтарылмас нүкте»

Қазақстандағы тұсаукесер: 19.04.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Брэд Андерсон

Рөлдерде: Розамунд Пайк, Джон Хэмм, Марк Пеллегрино

Жанры: триллер, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Ливан соғысы қызған шақта ол әйелінен айырылады. Ер азамат он жылдан соң кек алу үшін ғана емес, тұтқында жатқан бұрынғы досын шығарып алу мақсатымен Бейрутке оралады. Кейіпкерге көптеген жылдар бұрын жасаған әрекеті секілді, қазір де қиын таңдау жасауға тура келеді. Бір ғана қате шешім жүздеген өмірді құртуы мүмкін.

«Зомбилердің үшінші толқыны»

Қазақстандағы тұсаукесер: 19.04.2018

Мемлекеті: Ирландия, 2017

Режиссері: Дэвид Фрейн

Рөлдерде: Эллен Пейдж, Сэм Килли, Том Вон-Лолор

Жанры: қорқынышты фильм, қиял-ғажайып, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Қауіпті вирустың алғашқы жалынынан кейін вакцина ойлап табылды. Вирусты жұқтырып алғандардың көбі адам бейнелеріне қайта оралды. Бірақ, сауықтырудан соң барлығы бірдей қалыпты өмірге орала алмады. Кейін, вирус оларда қайта жанданды. Адамзат аман қала ала ма?

«Қоштасу таңын уәде гүлдерімен көмкер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 19.04.2018

Мемлекеті: Жапония, 2018

Режиссерлері: Мари Окада, Тосия Синохара

Рөлдерде: Манака Ивами, Ирино Мию, Ёко Хикаса

Жанры: аниме, драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Макия – ажалсыздар тұқымының өкілі. Орманда адамдардан жасырынып жүрген ол жоғалып кеткен баланы тауып алады. Жылдар өте келе, Эриал әдемі әрі батыр бозбала болып өседі. Макия аяқ асты оған ғашық болады, бірақ махаббат хикаяларының қайғылы аяқталатынын біледі.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger