әдебиет

Тынық мұхитын әрі асқан туынды

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жылдың үздік  жазушысы, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің оқытушысы Алмас Әмірбекұлының шығармасы ағылшын тіліне аударылып, «Tupelo Quarterly» журналына басылып шықты

 әдебиет

SM: Шетелдік басылымдарда қазақ прозасының жариялануы оңай емес. Туындыңыз қалай жарияланғаны туралы айтып берсеңіз

— «Бақыт Бексейітовна» атты әңгімемнің аудармасы жарық көрді. Әңгімені Калифорния штаты, Сан-Франциско  қаласы аймағында тұратын Мейіргүл Қали есімді аудармашы қандасымыз ағылшын тіліне тəржімалап, шығарма «Tupelo Quarterly» атты журналға жарияланды. Мейіргүл ханым «kitap.kz» сайтындағы «Ханшайым» атты кітабымның электонды нұқасымен танысқан екен. Сол кітабымның ішіндегі «Бақыт Бексейітовна» әңгімесін ерекше ұнатыпты. Фейсбук əлеуметтік желісі арқылы хабарласып, шығармамды аударуға рұқсат сұрады. Мен рұхсатымды беріп, тиісті құжаттардың барлығын рәсімдедік. Сөйтіп, әңгімені аудару жұмысын бастап кеттік. 

әдебиет

SM: — Әңгімені аудару барысында қандай  қиыншылықтар кездесті?

—  Әңгімені аударуға үш айдай уақыт кетті. Өзіндік қиындықтар кездесті. Мысалы, шығармадағы бас кейіпкер қарғысты қарша жаудыратын кейіпкер. Осы ерекшелігі аудармашыға қиындық туғызды. Себебі, ағылшын тіліндегі қарғыс сөздер адамның жеке басына тіл тигізуден аспайды екен. Ал қазақ ұлтының қарғыстары адамға өлім тілеуге дейін барады. Әңгімедегі негізгі ойды сақтай отырып, оқырманға түсінікті етіп аудару үшін біз ол сөздерді талдап, дұрыс баламамен жеткізуге тырыстық. Жұмысты аяқтаған соң, АҚШ-тағы бес-алты əдеби журналға ұсынып, алты айдай жауабын күттік. Жақында «Tupelo Quarterly» журналынан əңгімені жариялаймыз деген сүйінші хабар алдық. Хатты алған соң қатты қуандық, керек құжаттарды толтырып шығармамның журнал бетіне жариялануын асыға күттік.

SM: — Белгілі бір қаражат талап етті ме?

— Ешқандай да қаражатты қажет еткен жоқ.

 әдебиет

SM: — Ал сіздің тарапыңызға пайда түсті ме?

— Әзірге журнал бізге ешқандай қаламақы беріп жатқан жоқ. Бірінші рет жарияланған жұмыс болғандықтан, қаламақы берілмейді екен. Кейін, оқырман сұранысына ие болып, қайта басылымға шықса, редакция бізге қаламақы төлеуге міндетті болады. 

SM: — Басқа да туындыларыңызды тағы да шетелдік басылымдарға жариялауды жоспарлап қойған боларсыз

— Иә, қазіргі таңда шетелдік екі журналдан ұсыныс түсті. Осыған орай, «Жазушы жазбасы» және  «Автопортрет»  әңгімелерін аудару үстіндеміз.

SM:  Алмас аға, Сізді шетел классиктерінің қатарынан көру біз үшін үлкен қуаныш.  Сұхбатынызға көп рақмет! Алар асуларыңыз бұдан да биік болсын!

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *