Алматы облысында үнділік атыс-шабыс фильмі түсіріледі

Осы жазда Қазақстанда үнділік тарихи атыс-шабыс фильмінің түсірілімі өтеді. Режиссер Раджкумар Сантоши Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен кездесіп, жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы TINFO желілік агенттігі хабарлайды.

Болливудтық фильм 1897 жылы Сарагархи жанында болған шайқас тарихын баяндайды. Сол уақытта 21 сикх күзетіп отырған әскери бекетке 10 мыңдаған ауған әскері шабуыл жасайды. Бірақ, сарбаздар шайқассыз берілмеді. Сақталған жазбаларға сәйкес, сикхтер 600-ге жуық қарсыласты өлтірген екен. Кейін, осы шайқастың құрметіне Khalsa Bahadurпоэмасы жазылған.

Фильм өндірісімен Satoshi production кинокомпаниясы айналысады. Картина түсірілімі шілдеде басталып, Үшқоныр, Қапшағай мен Шарын шатқалында өтеді.

Еске сала кетсек, соңғы жылдары Қазақстанда екі үнді кинотаспасы түсірілген: «Vaishakham» («Махаббат уақыты») және «Love you family». Сондай-ақ, алдыңғы жолдары Оңтүстік-Қазақстан облысында Митхун Чакрабортидің қатысуымен фильм түсірілетіні жайлы хабарланған болатын.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *