Алматыда балаларға гипноз жасап, үй тонайтын әйел пайда болды(видео)

Мальчик не помнит как привел чужую домой

Алматы қаласының тұрғынының айтуына қарағанда, 11 жастағы ұлына түскі уақытта бір әйел келіп алтын жүзік пен ақша беремін деп тақалған екен. 

Мектеп оқушысы сабаққа бармастан бұрын дүкенге кіріп тіске басар алғысы келген. Алайда ол дүкеннен қалай шығып, қашан үйге барғаны есінде жоқ.  Біраз уақыттан соң есін жиып анасына хабарласқысы келгенімен, ұрлықшы әйел оны қайта ұйықтатқан. 

На видео женщина два раза прикасается к ребенку

Қаскүнем әйел үйден 100 мың теңге  ұрлаған. Ең қорқыныштысы, ол балаларды есінен айырып, не істеп, не қойғанын ұмыттырады.  Бұл бірінші оқиға емес. Әлеуметтік желіге видеолар тарағаннан соң осындай жағдайға тап болған ата-аналар көп болып шыққаны белгілі болды. 

«Ол әйелді тезірек ұстаған жөн. Ол  үнемі өзінің қылмысын балалар арқылы жасайды. Сылтауы сол баяғы алтын жүзік пен кілт айырбастау», — дейді гипнозға түскен 11 жасар баланың анасы. 

 Алматы қаласының ДВД орталығы гипноздаушы-әйелге іздеу салып жатқанын хабарлады.  Сонымен қатар, балаларды сақтыққа үйретуге шақырады. 

 

NUR.KZ 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *