Ғалымдар әйелдерді зорлықтан қорғайтын білезік ойлап тапты

АҚШ ғалымдары әйелдерді зорлықтан және тонаудан қорғайтын құрал ойлап тапты.

АҚШ ғалымдары әйелдерді зорлықтан қорғайтын білезік ойлап тапты

Зерттеушілер зорлық мәселесін шешу үшін арнайы білезік ойлап тапты. Білезік қауіп төнген сәтте,  Bluetooth арқылы смартфонға қосылып,  шұғыл қызметтерге хабарлама жолдайды. «911 нөмірін шақыру арқылы апаттық хабарламаға арналған құралды немесе қосымшаны қолдана аласыз. Көмекке шақыру үшін, аталған құралдағы тетікті басу керек. Әдетте қауіпті жағдайда қалғанда, мұндай мүмкіндік бола бермейді», – дейді зерттеу тобының мүшесі Рагиб Хасан.

Білезік адамның қазіргі жағдайын, қай жерде не істеп отырғанын немесе жатқанын бейнелей алады. Құрал дыбыстық жүйемен де жабдықталған. Яғни, қауіпті сәт туғанда қатты дыбыс шығып, жан-жақтағы адамдарға естілетіндей етіліп жасалған.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *