Анасы екі баласын бірдей бейімдеу орталығына не үшін тастап кетті?

Павлодарда 44 жастағы әйел асырай алмаймын деп балаларынан бас тартқан. Келіншек 16 жасар қызы мен 6 жастағы ұлының көзінеше олардан бас тартатынын жариялап, қалалық білім бөліміне өтініш қалдырған. Басты себеп, «баспанасыз, жұмыссыз және қаражатсыз қалуым» деген келіншек балалар үйінің басшылығына.

«Әдетте біз кім, не үшін тастап кетті деп тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Ол балаларын қалдырып кетті. Оның айтуынша, ол Семейден келген. Осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерлерде тұрып, бүгінгі күні ол баспанасыз қалғандықтан балаларын қайда қалдырарын білмеген»,-дейді Павлодар қаласы Білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөліміның меңгерушісі Рәсия Дүйсембекова.

Псиxологтар бұл жағдай жасөспірім қыз бен ақылы тола бастаған балаларға кері әсер етеді дейді. Өйткені балалар анасының уақытша болса да тастап кеткеніне өздерін кінәлайды.

Балалар қазір бейімдеу орталығында. Әйелге 3 айға уақыт берілді. Сол уақыт аралығында екі перзентті асырай алуға қажетті жағдайын жасап, оларды алып кетпесе ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Ал қыз мен ұлы балалар үйіне жіберіледі.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *