Қанат Бейсекеев: «Туған жерін қоқысқа теңеуге ешкімнің ақысы жоқ!»

Белгілі қазақстандық режиссер-оператор Қанат Бейсекеев шетелде тұратын қазақтардың  өз отанын қоқысқа теңейтіндеріне ашулы. Ол бұл туралы өзінің телеграм парақшасында жазып, елімізді, айналамызды жақсартуды өзімізден бастайық-деп, үндеу жасаған. 

 

Мен білетін мигранттардың ішінде бір ерекше тип бар. Олар АҚШ немесе басқа шетелде тұратындығы үшін, Алматының емес сол жердің жолын таптап жүргені үшін  өзін ақылды әрі мықты санайды. Дорбасын асына сала, ұшақ ұшатын биіктіктен бәріне түкіре сала жетістікке жеткен өзінше! 
     Адамдар жайлы өмір мен жақсы жағдайдан ешқайда қашпайды. Әлемнің екінші бұрышындағы елдерге билет алатын менің отандастарым тек жоғары жалақы, тұрақтылық, әділеттілік үстем ететін қоғам, қауіпсіздік пен таза экологияны қалайды. Олар сол елде болашақ барына сене алғасын ғана кетеді. Үйде не жоқ болса, соны іздеушілер бәрі де. Бірақ, туған жерің сондай жайсыз болғанында бәріміздің де кінәміз бар. Миллиардтаған доллар мен алтын үйілген мемлекеттерге үдере көшуге бейім біздің, күніге теледидардан көрсетіп жататын босқындардан қай жеріміз артық? Осы адамдар өз отанында тәртіп орнатудың орнына Батыс мемлекеттеріне ұмтылады. Ондайларды аяуға болады, бірақ титтей де құрметке лайық емес олар! Туған елін осындай құлдырауға әкеліп, енді немістердің тәртібін қалап жүрген сириялықтардан, сомалиялықтардан қазір біздің қай жеріміз артық? Тіпті олардың өзі Отаны немесе отандастары туралы, иә, билік емес, артында қалған халық туралы бірер жаман сөз айтпайды.  
     Қазақстандықтардың ішінде мен атап айтып жатқан  иммигранттардың типі өте кеңінен тараған. Дәл солар бүгінде Қазақстанда тұрып жатқан адамдардан өзін әлдеқайда жағары санайды. Осында болып жатқан келеңсіз, жайсыз, тіпті қайғылы жағдайдың бәрін аңдып отырады да, соған барынша қуанады олар. Фейсбуктағы парақшаларына сол туралы жазып, дер кезінде көшіп кеткенінің дұрыс болғанын айтып, мақтанады да отырады. Меніңше, олар басқа жерде жүрсе де, ойша Қазақстанға байланып қалғандар. Әлгіндей қылықтарымен өзінің дәрежесін көтергісі келетін сияқты. Мұндай жағдайлар әсіресе, девальвация кезінде көптеп байқалды. Менің америкалық достарым мыңдаған долларлап ақша қопарып жатқандарын айтып қуанатын.  Олар біздегі жемқорлық үшін де қуанышқа кенеліп жатады. Ақылға сыймайтын логика! Артыңда қалғанның бәрін өңкей еріншекке теңеп, сол үшін ғана өзіңді үздік санау өте қате ұғым. 
     Мен мұндай  әрекетті басқа ешқандай эмигранттан естімегем. Тіпті ауғандар, пәкістандықтар, арабтар да өз еліне шаң жуытпайды! Неге дейсіз ғой? Өйтені, есі дұрыс адам өз елінен қанша алысқа кетсе де, сол жердің бір бөлігі болып қалатынын есінде ұстайды. Туған жерің сондай жайсыз болса, онда сен де сүттен таза бола алмайсың! Ең құрығанда үндемей керек! 
      Бүгінгі таңда саяхаттауға, әлем аралауға мүмкіндік жетіп артады. Мен өзім үш жылдан бері екі мемлекеттің арасында өмір сүріп жүрмін. Мен үшін басқа Қазақстан жоқ, ол біреу! Өте алыста жүрсем мен Кен болып кетпеймін ғой, қайда барсам да мен Кана Бейсекеев болып қаламын! Кейде адамдарды суретке түсіріп жүргенде менен қай елден екенімді сұрайды. «Мен Қазақстаннанмын!»-деймін сонда. Сіздіңше, мақтаныш жетіспейтіндей ме? Сонда да, мен басқа Жапония сияқты ірі мемлекеттерді айтып, өзімнің елімнен өзімді жоғары көрсеткім келмейді. Егер олай жасаған жағдайда сені олар есалаңға теңейді! Өйткені, ешкім ешқашан өз елінен асып жақсы бола алмайды! Мен өз Отаныммен мақтанғым келеді! Бірақ, бұл тек менің қолымда емес. Егер бәрінен шаршаған болсаңыз, бүткіл халықты тастап қашудың қажеті жоқ! Бізді ешқайда ешкім күтіп отырған жоқ! Одан да өзіміз бәрін жақсы жаққа өзгертуді бастайық! 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *