Қанат Ислам: Канеломен қуана-қуана жұдырықтасар едім

Казақ боксшысы Қанат Ислам (25–0, 20 КО) кезекті жекпе-жегіне жаттығуын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақтың» бір жаттығуында ESNews телеарнасының репортері Эли Секбах болып, отандасымызға бірнеше сауал қойды.

— Канат, сен 25 жекпе-жектің бірде-бірінде жеңілмегенсің бе? Жақсы рекорд.

— Маған қарсылас тауып беріңдерші (жымияды).

— Джермеллом Чарломен айқасар ма едің? «Канеломен» ше?

— Иә, қуана-қуана жұдырықтасар едім (күледі).

— Ал GGG-мен ше?

— Ол 160 фунтта ғой.

— Таяуда жекпе-жек өткізесің бе?

— Иә.

Қанат Ислам соңғы рет рингке Астанада былтыр қыркүйекте шықты. Ол кезде канадалық Брэндон Кукты техникалық нокаутпен жеңген. Қанаттың келесі жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланып отыр. Уақыты мен қарсыласы әзірге белгісіз.

«Қамшы» сілтейді

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *