Қар жауып тұр

Авторы: Жасқанат ЖҰМАН

Күрең бақтың сыртынан таңданып құр,
Күз еліне аяңдап бармадық бір.
Біздер аңсап жүргенде күзгі бақта
Қар жауып тұр…

Қар жауып тұр қарт қала көшесінде,
Қара жер жуды бетін кеше түнде.
Күзгі бақта кездесу бұйырмаған-
Күзгі қардың қап қойды есесінде.

Келеді-ау деп күтпеген қыстың ретін,
Көк аспанның өңінде түс тұр жетім.
Өзің жаққа бастайтын жолды аяқта
Қар жауып тұр,
тас жолдың құшты бетін.

Қар жауып тұр махаббат теңізінде,
Жүректегі ұйыдық егіз үнге.
Қар астында қап қойды, әлем бәрі,
Егіз үн де,
Сезімім де…

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *