Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығын табыстау салтанатты шарасының БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

2018 жылғы 11 қыркүйекте сағат 16.00-де «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстықфилиалының ғимаратында облыс әкімінің                     «Тіл жанашыры» сыйлығын табыстаусалтанатты шарасы өтеді.

Тіл саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан тұлғаларды қолдау мақсатында ұсынылатын облыс әкімінің сыйлығы 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай өткізіліп келе жатыр. 7 жыл ішінде барлығы 279 адам құжат тапсырды. Былтыр байқауға 38 адам қатысса, биыл «Тіл майталманы» номинациясы  бойынша – 8, «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» номинациясы бойынша – 14, «Тіл білгірі» номинациясы бойынша – 3, «Жас полиглот» номинациясы бойынша – 12, «Мемлекеттік тіл – бизнесте» номинациясы бойынша – 4, «Тіл жаршысы» номинациясы бойынша – 7, «Үздік телехабар» номинациясы бойынша – 5, барлығы 56адам құжаттарын ұсынды.

Тіл саясатын насихаттап, оны іске асыру шараларына белсене ат салысып жүрген зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының және мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері, үш тілді меңгерген жастар және басқа да тұлғалар аталған сыйлыққа үміткер бола алады. 3 номинация – «Жас полиглот», «Тіл білгірі» және «Мемлекеттік тіл – бизнесте» номинациялары бойынша сыйлық былтырдан бастап табысталып келеді.

Соңғы үш жыл ішінде тіл мәселесін көтеріп, өз тарапынан мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбектері, құжаттары қаралып, бекітілген арнайы комиссия шешімімен іріктеліп алынған 7 тұлғаға облыс әкімінің сыйлығы келесі номинациялар бойынша табысталатын болады:

1. «Тіл майталманы» номинациясы (35 жастан асқан шығармашылықпен айналысатын азаматтар және зиялы қауым өкілдері арасында). Облыс аумағында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейтуге қомақты үлес қосып, тіл саясатын насихаттау мен тілдерді дамыту шараларына белсене қатысып жүрген белгілі бір ғылым саласының қызметкеріне, зиялы қауым өкіліне немесе қоғам белсендісіне табысталады.
2. «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» номинациясы (мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, штаттан тыс мамандар арасында). Мемлекеттік тілді насихаттауға арналған облыстық, қалалық, аудандық, ведомствоаралық іс-шаралардың,байқаулардың жеңімпаздары мен лауреаттары, мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуына және мекеменің мемлекеттік тілге көшуіне атсалысып, тіл саясатын насихаттауға үлес қосқан мемлекеттік немесе азаматтық қызметшіге, мемлекеттік мекеме маманына табысталады.
3. «Тіл жаршысы» номинациясы (мемлекеттікжәне орыс тілдерінде шығатын мерзімдібасылымдардағы журналистер және штаттан тыс тілшілер арасында). Тіл саясатын жүзеге асыру шараларын бұқаралық баспа құралдарында белсенді түрде насихаттап жүрген журналистерге табысталады.
4. «Үздік телехабар» номинациясы (қазақ және орыс тілдеріндегі телебағдарлама авторлары арасында). Мемлекеттік тіл саясатын насихаттап жүрген тележурналистерге (оның ішінде штаттан тыс) табысталады.
5. «Жас полиглот» номинациясы (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген 14-29 жас аралығындағы жастар арасында). Мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін (басқа да тілдерді) еркін меңгерген, өз қызметінде және қоғам өмірінің басқа салаларында қолданатын жас азаматқатабысталады.  
6. «Тіл білгірі» номинациясы (мемлекеттік тілді жетік меңгерген, түрлі  байқаулардың жеңімпаздары және жүлделі орын иегерлері болып табылатын 14-29 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында). Өз қызметінде және  қоғам өмірінің басқа да салаларында мемлекеттік тілді еркін қолдана білуімен азаматтарға үлгі боларлық өзге ұлт өкіліболып табылатын жас азаматқа табысталады.
7. «Мемлекеттік тіл бизнесте» номинациясы(шағын және орта бизнес өкілдері арасында). Өзініңкәсіпкерлік әрекетінің құжаттамасын, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізетін және мемлекеттік тілді сауатты қолданатын,  сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған іс-шараларға белсене ат салысып жүрген бизнес өкілінетабысталады.

Байланыс телефондары:    8 (7212) 56 74 76, 87783552180, 87784363601.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *