Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы ең үздік мектеп формасы дизайнына байқау жариялауда.

19.06.2018 жылы сағат 12:00-де Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында «ең үздік мектеп формасы дизайны» байқауының ережелерін түсіндіруге арналған пресс-конференция өтеді.

Қарағанды облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы жеңіл өнеркәсіп комитеті «ең үздік мектеп формасы дизайны» атты шығармашылық байқау жариялайды. Байқауға барлық қатысуға ниет білдірушілер: оқушылар, ұстаздар, ата-аналар, қоғам өкілдері қатыса алады.

Байқау 2 кезеңде бір негізгі номинация бойынша өтеді: бастауыш сынып  оқушыларының мектеп формасы (1-4сынып). Бірінші кезең – , 2018 жылдың 19-30 маусым аралығына дейін өтінімдерді қабылдау, ал екінші кезең – 2018 жылдың 2-15 шілдесі аралығында өтеді.

Байқауға қатысу үшін өтінімді 2018 жылдың 30 маусымына дейін мына электрондық мекен-жайға: worldpeace2006@mail.ru жіберуге болады.

Байқау жеңімпаздарының мектеп формаларының үлгілері Қарағанды облысының аумағында 1-4 сыныптар үшін біркелкі мектеп формасы ретінде енгізуге ұсынылды.

Өтетін орны: Қарағанды қ., Ермеков көшесі, 29, мәжіліс залы (3 қабат).

 

Қосымша ақпарат үшін:

Фариза Аулбаева

Қарағанды облысының КП баспасөз қызметі

Тел: 50 40 55 +429

 

Mobile/WhatsApp/Telegram: +77759105737

e-mail: z.buyenbayeva@palata.kz, aulbaeva.fariza@mail.ru  

Website: http://karagandy.palata.kz/

Facebook: https://www.facebook.com/rppkaragandy \

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *