Қарағанды ЖОО-ның арасында футболдан жарыс өтті

21-сәуір күні ҚарМУ-дың ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына орай облыстың ЖОО оқытушылары арасында мини-футболдан жарыс өтті. Алғаш рет өткізіп отырған бұл бәсекеде 6 ЖОО-ның оқытушылары бақ сынады. Олар: Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, «Болашақ» академиясы, КЭУ, Қарағанды заң академиясы. 

Тартысты өткен бәсекеде Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті оқытушыларының бақтары мен баптары қатар шауып, 1-ші орынды қанжығаларына байлады. Алаң иелері Қарағанды мемлекеттік университетітің  командасы 2-ші орынға жайғасса, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жарыстың 3-ші тұғырынан көрінді.

Жұмабеков Мейрам Кеңесович, журналистика кафедрасының жетекшісі: «Бүгінгі чемпионат Қарағанды облысының ЖОО-ның оқытушылары арасында алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл жарыстың ең басты ерекшелігі: біз бір-біріміздің ойнау тәсілімізді мүлдем білмейміз. Алаңда бірінші рет кездесіп тұрмыз. Және осы кішкене қиындықтар туғызды. Ең бастысы, бұл әрине, спорттан бөлек бір-бірімізді тану. Бүгін біз әр университеттен келген әріптестерімізбен таныстық. Болашақта тек қана спорт жағынан емес, білім жағынан да тәжірибе алмасамыз деген ойдамыз». 

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *