ҚарМУ «Saryarqa» телеарнасымен дуальді білім беру туралы меморандумға қол қойды

«Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Оқаұлы мен  Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры Омаров Қылыш Бейсенұлы дуальді білім беру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Studentmedia.kz порталы. 

Енді тәжірибелі мамандар студенттерге оқу бағдарламасынан бөлек қосымша дәріс беріп, журналистика саласына бейімдейтін болады. «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Оқаұлы мен  Қарағанды мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Омаров Қылыш Бейсенұлы дуальді білім беру туралы меморандумға қол қойды.  Шара филология факультеті, журналистика кафедрасында «Saryarqa» телеарнасының аудиториясының ашылуынан басталды.

Сондай-ақ, университетте журналистерге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.  Жиынға «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Оқаұлы, Қарағанды мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Омаров Қылыш Бейсенұлы, филология факультетінің деканы Әбдуов Мұхаммадғали Ілиясұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі тележурналист Төлеубай Каймулдинов, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, журналист Нұртілеу Иманғалиұлы, белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай, ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Ұлттық арнадағы «Алтын қор» басшысы Молдабек Сағындық, танымал тележурналист Ләззат Қапышева, танымал теледиктор Баян Секербаева, «Saryarqa» телеарнасының директоры Берік Дүйсетаев, ҚР құрметті журналисі, Ақпарат саласының үздігі Әли Тойжігітов, ф.ғ.д., профессор Асанов Қойлыбай Дәулетханұлы, Ф.ғ.к., доцент, Журналистика кафедрасының меңгерушісі Рамазанова Жанар Сембекқызы және телеарна тілшілері мен қызметкерлері, журналистика кафедрасының ұжымы қатысты.

Жоғарыда аталған журналистер ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жураналистика саласының өткені мен бүгіні жайлы сөз қозғады.

Қарағанды облыстық филиалы «Saryarqa» телеарнасының 60 жылдық мерейтойына арналған телеарнаның бүгінгі таңда атқарып жатқан шығармашылық жұмыстары жайлы 3 минуттық бейнекөрініс жиналған қауым назарына ұсынынды.

Ресми шара «Заманауи тележурналист мамандарын даярлаудың теориялық және тәжірибелік негіздері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысымен жалғасты. 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *