Арыс және Шымкент тұрғындарына материалдық көмек жинайтын екі пункт ашылды

Арыс және Шымкент қалаларының тұрғындарына халықтан материалдық көмек жинайтын екі пукнт ашылды, — деп хабарлайды Studetnmedia.kz. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі берген ақпаратта айтылған.

Түркістан қаласында А.Яссауи атындағы Қазақстан-Түрік Халықаралық университеті (материалдық көмек құралдарын жеткізудің барлық мәселелері бойынша 87017702427, университет кәсіподақ комитетінің төрағасы Алтынбек Кенжалиевке қоңырау шалу), Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (үйлестірушінің телефоны-87773963052, Қайрат Еңбекшиев) Арыс және Шымкент тұрғындарына материалдық көмек жинайтын екі пункт ретінде анықталды.

ҚР БҒМ қызметкерлері Арыс қаласының балаларына көмек көрсетуге бір күндік жалақысын аударады.

Хабарламада: «ҚР Білім және ғылым министрлігінде жарылыстан зардап шеккен Арыстың тұрғындарына көмектесуге ниет білдірушілер көп, ұйымдасқан жиын үшін гуманитарлық көмек көрсетуге осы орталықтандырылған пункттерді ашу туралы шешім қабылданды»,- делінген.

Бірінші қажеттілік тауарлары (дәрі-дәрмектер, гигиена құралдары, киім-кешек және т.б.) белсенді түрде келіп түсе бастады, олардың барлығы орталықтандырылған және бірқалыпты үлестіріледі, одан кейін еріктілер зардап шегушілерге жедел түрде жөнелтеді. Сонымен қатар, ақша аудару үшін арнайы шоттар ашылған.

Фото: turkistan.gov.kz

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *