Аша Матай душта бірге болған екі еркектің кесірінен тағы сөзге қалды

Қазақстандық тележүргізуші Аша Матай қазіргі таңдағы «ұятқа» қатысты өз ойын білдірді. Әңгіменің арқауы оның 2005 жылғы түсірілген клипі болды. Осы және басқа да қызықты әңгімелерімен тележүргізуші Gakku арнасы «Шынын айтқанда» бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

Бағдарлама жүргізушісі Тимур Балымбетов сұқбат алмас бұрын Ашаның қатысуымен өткен барлық сұқбат пен бейнеклиптерді көргендігін айтып, оған сол бейнеклиптердің бірін есіне түсірді.

«Снова ты» бейнебаянында сен душта, судың астында, жартылай жалаңаш еркекпен, кіндігі ашық, қысқа шортыда, шашыңды жайып, жас, әдемі, энергияға толы қызсың. Қазір бұл -ұят», деді тележүргізуші.

Тимур егерде аталмыш клипті қазіргі таңда шығарғанда онда әнші сынның астында қалатынын айтты.

Ал Ашаға «Снова ты» бейнебаянының түсірілімі кезінде бар болғаны 16 жаста болғандығын естеріңізге сала кетейік.

«Біріншіден, онда бір емес екі жігіт болған. Және ол кезде ол мүлде ұят болып саналмайтын. Бір көзқарасымнан-ақ менің жас, сүйкімді болғандығым байқалып та тұр. Және мен бұдан ешқандай ұят нәрсені көрмеймін. Неге барлығы өзгеріп кетті? Бұл өте қиын сұрақ. Мүмкін біз мұсылман мемлекеті болғандықтан және бұл бізге бейресми түрде қайта айналып келіп жатыр», – деп ойын білдірді әнші.

Ашаның сөзінше, оның бұл қылықтарына ата-анасы мүлде қарсы болмаған екен. Керісінше, қызының өнерін қолдаған екен.

«Олар менің дене бітімім және аяғымды әдемі деп санайтын. Бірақ үнемі маған өзімді қарапайым және жақсы ұстау керектігін айтып отыратын. Ал қазір менің күйеуім бар және ол бұған қарсы», – деп бөлісті Аша.

Дереккөз: 365info.kz

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *