Асхат Аймағамбетов Қарағандыға оралды

Асхат Аймағамбетов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Studentmedia.kz порталы. Жаңалық облыс әкімдігінің сайтында жарияланған.

Асхат Қанатұлы ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылып, Қарағандыға оралды. Енді облыс әкімінің жаңа орынбасары өңірдің әлеуметтік саласы мен ішкі саясат мәселесін қолға алады. Бұл жаңалықпен әлеуметтік желідегі Фейсбук парақшасында оқырмандарымен бөлісіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР БҒМ экс-вице-министрі аталған қызметінде мектепке дейінгі және орта білім, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім, сондай-ақ, ғылым саласы бойынша бірқатар жаңашылдықтарды енгізуге атсалысты. Маңызды жобалардың басы-қасында болды. Парақшасындағы жазбада іште бұрынғы қызметіне деген қимастық сезімі бар екендігі жайлы, өмірінің жаңа кезеңі басталғандығы туралы айтыпты.


36 жасар Асхат Қанатұлының мемлекеттік қызметте жүргеніне биыл 7 жыл болады. Осы уақытқа дейін Нұра ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы, ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметтерін атқарып үлгерді.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *