Астанаға мұғалімдер керек

ҚР білім және ғылым министрі Е.Сағадиев биыл Астанада бірден 11 мектеп салынатынын атап өтті. Тиісінше мұғалімдерге де қажеттілік өседі.

«Астана жылдан-жылға дамып жатыр. Бізге жыл сайын 10-12 мың бала келеді. Мұғалімдер қажет, биылдың өзінде тек қана 11 жаңа мектеп салынбақ. Мұғалімдер Астанаға шет-шеттен келіп жатыр. Олардың жағдайын ойлап, көмектесуіміз қажет. Әсіресе, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында мұғалімдер баспана қиыншылығын көріп жүр», —деді ведомство басшысы қоғамдық қабылдаудан кейін.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *