Астанада “Astana Media Week-2018” медиа-апталығы басталды

Елордадағы «Қазмедиа» орталығында «Astana Media Week» қазақстандық медиа-апталығы басталды.

Үш күнге созылатын шараның басты тақырыбы — «DIGITAL MEDIA».  Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен өткізілетін Орталық Азиядағы ең ірі медиа-оқиға.

Жиынға 2 мыңнан астам қонақ келеді деп жоспарланған. 26 қыркүйек күні республикалық және өңірлік телеарналардың, еліміздің барлық өңірлерінен келетін продакшн-компаниялардың, жетекші вендингтік компаниялардың қатысуымен өткізілді. Онда продакшн-студияларға инвесторларды тарту мақсатында өздерінің айрықша бейнеконтенттерін ұсынуға мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ, медиа-апталықтың бірінші күні Media Talks пікірталас алаңы жұмыс істейді, оған әртүрлі қызмет салаларының жетекші мамандарының қатысуына мүмкіндік бар. Ток-шоу форматында «Болашақтағы кәсіптер» талқыланатын болады. Аталған іс-шара өңірлік коммуникациялардың, медиа саласындағы серіктестік қатынастар мен халықаралық ынтымақтастықтың дамуына елеулі үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған. Бұл іс-шараға Республика бойынша барлық өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.

Айта кетейік, 2017 жылдың 4-6 қазанында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан телевидениесі тарихында тұңғыш рет халықаралық Astana Media Week контент-алаңын ұйымдастырған болатын.   Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусь елінен келген 2 мыңға жуық қонақ қатысқан еді. 

«Studentmedia.kz» сайтының  бас редакторы Г.С.Амангелдиева «Saryarqa” телеарнасының ұжымымен

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *