15 Окт, 2018

Асылхан Төлепов әке атанды

Жақында Асылхан Төлеповтың шаңырағында қуанышты жаңалық болды. Актер мен жары Айсұлудың тұңғыштары – ұл дүниеге келді. Инстаграмда әртістің жанкүйерлері құттықтау лебіздерін білдірді.

«Достар, жылы лебіз тілектеріңізге көп раxмет! Баршаңызға тек жақсылық тілеймін. Шаңырақтарыңызда береке, бірлік болсын! Бәріңізді құшақтадым», — деп тілек білдірушілерге алғысын жаудырды актер.

Ата-аналардың сәбиге қандай есім бергені әзірге белгісіз.

Еске салсақ, Асылхан Төлеповтың үйлену тойы 2017 жылдың 7 қарашасында өткен болатын. «Қазақстан» қонақ үйінде өткен салтанатты шараға эстрада жұлдыздары, театр және кино актерлары, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Осы күзде отандық айналымға Төлеповтің қатысуындағы екі фильм шығады. 20 қыркүйек күні «Мықтылар уақыты» спорт драмасының тұсауы кесілмек, картинаға актер алғаш рет Гүлназ Жолановамен бірге түсті. Ал 4 қазанда «Қаржыгер. Шығу ойыны» таспасы жарыққа шығады.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger