Қасымға арнау

Авторы: ЖАНДОС Бақытұлы

Бисмиллә өлең сөздің асыл дәні,

Қажымас қайрат болар жас ұлдағы.

Қасымдай нар қасқаны еске алып,

Жиналыпты Сарыарқа ақындары.

Қарқаралы жерінің тумасы ғой,

Ыстық тартқан туған жер топырағы.

Қасымның «Өмір сырын» еске алсақ,

Жүретегі  үмітке басу бәрі.

Не бәрі  43 жыл өмір сүріп,

Алғырлардың  бірі  болды жасындағы.

Жер бетіне кіргенмен өмір тоқтап,

Ел есінде сақталған ақын әлі.

Өзге емес, өзі айтып, өз жайында,

Жалған өмір жолында жасымады.

Шарлаған жолы жатыр жер бетінде,

Қурамады өлең  дейтің жапырағы.

Дүниеге келер әлі талай Қасым,

Бірақта оралмайды ақын әні.

Біз әлі  ұшталмаған қаламдаймыз,

Қарапайым Қасымның қасындағы.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *