кино

Ата-анасын тастап кеткен әртістер

Анджелина Джоллидің әкесі  Джон Войд —  екі рет отбасын құрған атақты Голливуд актері. Анджелина бір жасқа толғанда өкінішке орай, ата-анасы ажырасып кетеді. Алайда, болашақ актриссаның  әкесімен қарым-қатынасы үзілмейді. Көп ұзамай Анджелина танымал актриссаға айналады. Лара Крофт фильімінің түсірілімі кезінде жас актрисса қайырымдылықпен айналыса бастағандықтан,  Камбоджо қаласындағы жетім баланы асырып алу жөнінде шешім қабылдайды. Ал бұл шешімге әкесі қарсы болып, оның бұл қылығын ессіз деп түсінеді. Онымен қоса, БАҚ -на өзінің қызының психологиялық жағдайына алаңдаулы екенін жеткізеді. Бұған қатты ренжіген Анжелина ,тіпті, сотқа шағымданып, өз тегін өзгертіп, әкесімен ара-қатынасын үзеді. Қазіргі таңда, Джон Войд жылына тек бір-екі рет қана немерелерімен кездесе алады. 

кино

Джениффер Энистонның анасы қызына өте талапшыл болған. Актрисса он бес жылдан аса уақыт анасымен араласуды тоқтатқан. Оған себеп болған  — Джениффердің жеке өмірі жайлы анасының жазған кітабы. Актриссаның айтуы бойынша, анасы кішкене кезінен оны қызы  ретінде мойындамаған. Оны ұсқынсыз санаған көрінеді. 

кино

Әкесінің қолдауының арқасында Бионсе әлемге әйгелі жұлдыз атанды.  Метью Ноунс ұзақ уақыт бойы қызының менеджері болып қызмет атқарған. Алайда, уақыт өте келе билік  Бионсенің өзіне келген соң, ол  әкесін ақша жымқырды деген айыппен менеджерлік жұмыстан қуады. Танымал әншінің  БАҚ-на берген сұхбатына қарағанда Метью — нашар әке, ұры болғанды-мыс.

кино

1999 жылы Эминемнің анасы Дэбора Меттерс сотқа арыз жазып, жекебасына тілтигізгені үшін ұлына 10 млн доллор көлемінде айыпбұл салуын талап етеді. Оған себеп болған  Эминем өзінің әндерінің ішінде анасын ″жүргіш, нашақор″ деп атауы. Эминем толыққанды отбасында дүниеге келмеген. Оның әкесі отбасын Эминем дүниеге келмей жатып тастап кеткен. Анасы да баласына көңіл аудармаған деседі. Эминем өзін тәрбиелеген көше екендігін айтады.  Қазіргі таңда анасы баласымен татуласуды қалайды.

кино

Керемет дауыс иесі Адельдің өткен өмірі, балалық шағы көпшілікке беймәлім болды. Алайда, оның әкесі Марк Эванс журналисттерге қызының өмірі жайлы деректерді қомақты суммаға сатады. Оның айтуы бойынша, танымал әншінің  анасы небәрі 17 жасында Адельді  дүниеге әкелген. Ал өзі болса оларды тастап өзге елге кеткен. Сонымен қатар, Марк өзінің ішімдікке әуестенгенін жеткізеді. Бұл жайт Адельдің құлағына жеткен кезде, әнші әкесімен ара-қатынасын үзілді-кесілді жойған екен. Тіпті,  немересін көруге рұқсат етпеген. 

кинокино

 

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *