«Қатемен жұмыс»(Челси — Барселона)

  • 20 ақпан футбол жанкүйерлері үшін атаулы күндердің бірі болды. Себебі, көптен күткен «Челси» мен «Барселонаның» арасында ең қызықты ойындардың бірі өтті. Ойынды Лондонның «Стэмфорд Бридж» алаңынан тамашаладық. Чемпиондар Лигасы қарсаңында өткен бұл кездесу 1-1 тең нəтижесімен аяқталды.
    Алаң иесі «Челси» ойында 3-4-2-1 сызбасын қолданды. Қақпада Тибо Куртуа. Артта 3 орталық қорғаушы: испаниялық Сесар Аспиликуэта, болашақта көп сенім артатын Андреас Кристенсен жəне жас талант Антонио Рюдигер. Сол жақ қапталда Маркос Алонсо, оң жақта Конте келгелі карьерасын жаңартқан Виктор Мозес. Екі жыл қатарынан екі түрлі командамен Англия чемпионы кубогын ұтып алған Нголо Канте мен католондық «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Франсеск Фабрегас екеуі орталық жартылай қорғаушы міндетін атқарды. Алда соңғы кезде шабуылшы ролін атқарып жүрген Эден Азар. Оған көмектесетін сол жақта қонақтардың тағы бір ескі ойыншысы Педро Родригес жəне оң жақта соңғы кезде өз ойынын тапқан Виллиан.
    «Стэмфорд Бриджке» қонаққа келген «Барселона» көптен қолданып жүрген 4-4-2 сызбасын өзгертпеді. ЧЛ-да 5 ойында 1 гол өзкізген Тер Штеген қақпада. Оған гол өткізбеуге көмектесетін қорғаушылар: оң жақта «Ла Масианың» жемісі Сержи Роберто, ортада футболда ғана емес əлеуметтік желілерде аты шулы Жерар Пике жəне француз Самюель Умтити жəне сол қапталда Жорди Альба. Азар мен компанияны тоқтату міндеті жүктелген Серхио Бускетс пен хорват Иван Ракитич. Жазда 40 млнға сатып алынған «пайдасыз» Паулиньо оң жақта, ал Альбаның серігі «қартаймайтын» Андреас Иньеста сол жақ қапталда. Челсиге қарсы 8 ойында бірде-бір гол салмаған Месси жəне оның сенімді досы Луис Суарез екеуі шабуылда.
    Ойынға келер болсақ, бастапқы минуттарда «Челси» бірнеше өткір шабуыл өткізді. Бірақ, қақпаға түзу соққы жасай алмады. Ал, католондықтар болса асықпай допты өздеріне алып, 30 минутқа дейін қарсыластарын шаршатты. 1-ші таймның соңына қарай Виллиан Тер Штегеннің қақпасына 2 соққы жасап, екі мəрте қақпа бағанасына тигізді. Бірақ, гол салуға дейін бармай, тайм соңына жетті.
    2-ші тайм қайтадан «Барселонаның» басымдылығымен басталды. Бірақ, 62 минутта 2 мəрте қақпа бағанасына тиген Виллианды католондықтар тағы да жалғыз қалдырғаны үшін қақпасына гол өткізіп алды. Қонақтардың бас бапкері Эрнесто Вальверде тез арада оң жақ қанатты күшейту мақсатында Паулиньоны Алейш Видальға ауыстырды. 75 минутта «Челсидің» орталық қорғаушысы Кристенсен өз алаңында диагоналді пас беру кезінде қателесіп, Иньеста допты иеленді. Ол дер кезінде Мессиге соққыға пас беріп, есеп теңесті. 83 минутта Конте шаршаңқырап қалған Педроны «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы Альваро Моратамен ауыстырды. Бір минуттан соң «Челсидің» бас бапкері ойыннан Фабрегасты алып тастап, орнына Дринкуотерді шығарды.
    Кездесу тең нəтижемен аяқталды. «Челси» өз алаңында керемет ойын үлгісін көрсеткенмен, қарсыласының қатесін мүлт жібермеген католондықтар өз алаңына жақсы көңіл-күйде оралды. Бірақ, Камп Ноуда бізді тағы бір қызыққа толы 90 минут күтуде. Кім жеңімпаз болады? Кім турнирден тыс қалады? Оны наурыздың 14-і біле аламыз.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *