Қатемен жұмыс (Реал-ПСЖ)

Сөзді алаң иегері «Реал Мадрид» командасынан бастайық. «Реалдың» бас бапкері Зиданның бастапқы жоспары бойынша ойын сызбасы 4-4-2 болу керек еді. Шабуылда Роналду мен Бензема. Ортада ромб: Иско шабуылға жақын ойнады, Кроос пен Модрич алаңнын екі жақ ортасына жауап берсе, Каземиро жалғыз қарсыластың шабуылын тоқтатын адам болды.  Ал артта төрт қорғаушы: Марсело, Рамос, Варан және алдыңғы матчтағы жазасын өтеп жатқан Карвахальдың орнына Начо. Қақпада Кейлор Навас.

Ал «ПСЖ» командасы 4-3-3 сызбасын қолданды. Алда Мбаппе, Кавани және “Чемпиондар Лигасын” жеңу мақсатында каталондық “Барселонадан” көшіп келген Неймар. Ортада Каваниға жақынырақ ойнаған және «Реалдың» қақпасына соғылған жалғыз голдың иегері Рабьо, оң жақ қапталда ойнаған Веррати және қорғанысқа жауапты Ло Чельсо. Қорғаныста: Дани Алвес, ойынға шыға алмаған Тьяго Сильваның орнына шыққан Кимпембе, команда капитаны Маркиньос және сол жақ қапталда Юри Берчичи.

Өздеріңіз байқағандай, «ПСЖ» екі қанатқа да екі ойыншадан шығарды(оң жақта Алвес пен Мбаппе, сол жақта Берчичи мен Неймар). Ал «Реалдың» қапталдарында бір адам ғана бар еді. Демек, Реалдың бір қорғаушысына қарсы ПСЖ командасының екі ойыншысы ойнады. Париж клубының бас бапкері Унаи Эмеридің бұл ойы басында жақсы нәтиже берді. Себебі, «ПСЖ»-ның жалғыз голы оң жақ қапталдан келді. Бірақ Зидан бұл кездесуді ойын барысында жеңді. Соңғы 15 минут уақыт қалғанда,Зидан екі қапталға Асенсио мен Лукас Васкесті шығарды. Дәл осы Асенсионың 2 пасы арқасында «Реал» өзінің екі голын салды. Алғашында сол жақ қапталда Меньеден доппен қашып кетіп Роналдуға бас шығарса, 86 минутта Марселоға нәтижелі пас берді. Зидан қайтадан өзінің алдыңғы қатарлы бапкер екенін көрсетті, ал Эмери болса екінші ойынға жақсылап дайындалуға себеп тапты. 2017 жылдың 14 ақпанында Неймар “Барселонамен” «ПСЖ»-дан 4-0 ұтылған еді, бірақ, екінші ойында не болғаны бәрімізге белгілі(6-1, «Барселона» жеңді). Дегенмен, «Реалдың» соңғы екі жылдың екі дүркін чемпионы, әлемдік аренада үлкен тәжірибесі бар командалардың бірі екенін білеміз. Сонымен, келесі раундқа кім өтеді? «ПСЖ» өз алаңында қаһарлы «Реал Мадрид» командасын жеңе ала ма? Оны 6 наурыз күні біле аламыз.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *