Атыраулық Райымбек досыма

Сенің бойыңда бабаларымның қаны бар,
Досым да өзің мұңайған шақта жан ұғар.
Отанын сүйген оттан да ыстық өр рухты,
Махамбетімнің мінезі сенде тағы бар.
Исатайдайын серік боп жүрген досыма,
Ақ адал менің тілегімді Алла қабыл ал!!

Батыстан келдің Ақтабан мініп батыр боп,
Қарсы алдым сені Махамбеттейін ақын боп.
Тұяқ серпісе тас жарған менің, Тарланым,
Дәл қазір маған өзіңнен асқан жақын жоқ.
Түс көрудің де қажеті жоқ қой, түсінсең,
Жылғадан аққан жырым бар, бірақ басым жоқ.

Орталық мынау ортаңды тапсаң сәтті өңір,
Пенделері де періште кейіп, пәк көңіл.
Сырдың суындай сіңісіп әлі-ақ кетесің,
Алмас қылыштай адайлық досым, ақ көңіл.
Отан жолында оғыландарымыз кетті ғой,
Сүрейік біздер тәтті өмір!!!

Бек Ноғайбайұлы

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *