Неліктен қағаз тіліп кеткен жер қатты ауырады?

Неліктен аурудың емін тез біліп, тез алдын ала алмаймыз?

Неліктен қағаз тіліп кеткен жер қатты ауырады?

Ол сенің ортаңа, сенің түсіңе, көзіңнің қиығына да қарамайды. Сенің қай ғасырда өмір сүріп, қандай ортада жүргенің оны қызықтырмайды. Ауруды барлығы сезеді. Жер құрты, адам, иттер, мысықтар, құстар, бақалар, киттер. Сонымен қатар, ауырсынудың генетикалық ақауы себебінен ештеңе сезінбейтін адамдар тобы бар.  Шынында да, оларға қызығудың қажеті де жоқ. Өйткені, олар аурудың бастамасын сезбей, асқынып кеткен кезінде өліп кетулері де мүмкін. Ауру туралы барлық біліміміз парадоксқа негізделген.  

Миымыз ауырсыну сигналдарын жазады, бірақ оны сезінбейді

Мысалы, сіз тобығыңызды шығарып немесе саусағыңызды күйдіріп алдыңыз. Жүйке талшықтары миға дабыл жібереді. Сезілген сезім тездетіп ауру түрінде белгіленеді. Заманауи хирургияда анестезияны ойлап табулары бекер емес еді.  Бірақ, операция жасалатын жер ми болса, оған ауруды сездірмейтін дәрі салудың қажеті де жоқ. Операция жасалған кезде барлық ағзаға жауап беріп үйренген ми, өзіне қалай ауру туралы сигнал беруді мүлдем түсінбей қалады. Бұл жерде бір қорқатын жағдай, көбінесе миға жасалған операция кезінде емделуші есін біліп жатады екен.

Біз әртүрлі жолмен ауруды сеземіз

Бұл сөзге дәлел ретінде айтар болсақ, толғақ кезінде кейбір әйелдер шыдамай ауруды сездірмейті дәрі ектірсе, екіншілері тез арада босана салады. Денсаулығы мықты немесе әлсіз жан деген пікір, бұл жерде мүлдем орынсыз. Ауруды сезу жағдайына, көбінесе бұрын ауруды қалай сезгеніміз, денеміздегі қабыну процесі, сол сәттегі миымыздағы химиялық реакциялардың қалай жүріп жатқандығы әсер етеді.

Нью-Йорк жұлын хирургиясының  Басшысы Кеннет Хансрадж: « Кейбіреулерге жұлын сүйегін кессең де үндемей, «тездетіңізші» дейді және ауру басатын дәрісіз. Ал, басқалары инені жақындатпай жатып айқайға басқанын көресің.

Аурудан көңілді бөлуге болады

Біздің миымыз ең қиын компьютер болғанымен, кішкене ақымақтау. Бір уақытта бірнеше ауруға анализ жасау өте қиын. Мысалы, сізді маса шағып алды делік. Маса шаққан жер ауыртып бара жатса, мұзды үстінен бассаңыз дене суықты сезіп, шаққан жер ауыруын тоқтадады. Міне, сол себепті біз есікке қысқан қолды амалдың жоғынан шайқап, ауруды білдіртпейтіндей қылып суға сала бастаймыз.

Ер мен әйел болып бөлінді

Шын мәнінде, ерлер мен әйелдердің ауырсынуын әртүрлі деп санайтын ғылыми дәлел жоқ. Бірақ, дәрігерлер әйелдердің әлсіз екендігін , ауруды тез мойындайтынын айтты. Мүмкін, бұл ер жігітке тән қасиеттің болуынан шығар. Ер адам шыдау керек, төзу керек.

Ең танымал ауру түрі

Ол – белдің ауыруы. Ең танымал, дамыған елдердің өзінде 27% адамдар арқаның төменгі жағының ауыратынын айтады екен. Ал, бастың ауыруы —  15%. Сарапшылардың айтуынша артық зат тасып, артық салмақты жинамау керек.

«Ауырдым» дегеннің өзі «ауру» емес

Ауру – ол симптом. Бірақ, көп жағдайда «ауырдым» деген сөздің өзі ақырында ауруға айналады. Бұндай емделушілер барлық денесінің ауыратынын айтып отырады. Яғни, нақты қай  жері ауыратынын ұмытып та қалады. Бұл жағдайда ми осы аурулардың генераторы болып саналады.

Миыңызды жете бағаламаудың қажеті жоқ

Канадалық дәрігер Пол Ингрэм мидың жұмыс істеуін сөзбен жіткізген:

Жүйке жүйесі:  Өзекті мәселе! Өзекті мәселе! Үлкен! Үлкен мәселе! Қызыл дабыл! Қосылсын тездетіп!

Ми: Рас па? Дабыл қабылданды. Бірақ, қатты алаңдаудың қажеті жоқ

Жүйке жүйесі: Жоқ, жоқ тыңдашы? Барлығы өте қауіпті.

Ми: Жо-жоқ, сенбеймін.

Жүйке жүйесі: Тыңдашы?  Бұл жағдайға бізде толық мәлімет болмас да, терінің зақымдануының арты қандай болатынын білеміз. Ойыншық ойнап отырғанымыз жоқ! Сен шара қолданбайынша, кетпейміз. .

Ми ( гипноздаушы даусымен): Сендер бұл істі ұмытасыңдар. Маған дабыл жібере берудің қажеті жоқ. Барлығы жақсы, терең демалыңдар…

Жүйке жүйесі: А, рас па? Бір күрделі мәселені айтуымыз керек болған. Ұмытып қалдық. Жарайды, қайта келеміз.

Ауруды қалай, қайтіп, қандай жағдайда сезетініміз әлі де белгісіз.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *