Қазақ көшесін көбейтейік дегені үшін жұмысынан қуып жіберген

Өскемендегі «Дидар» газетінің тілшісі Мұратхан Кенжеханұлының жағдайы туралы жақында «Қазақ үні» газеті жазған болатын. Өскемен қаласында қазақ көшелерінің аздығы туралы жазған журналист басшысы тарапынан қудалауға түскенін әлеуметтік желідегі парақшасында ашық мәлімдеген еді.

    Аталмыш іске «Қазақ үні» ұлттық порталы тікелей араласып, порталда жарық көрген «Өскемендегі 706 көшенің 12 пайызы ғана қазақша» атты мақала қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ертесіне ШҚО әкімінің идеология бойынша орынбасары Әсем Бекқызы газет редакциясында шұғыл жиналыс ашып, жағдайды бақылауына алды.

 Алайда, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жазылған мақалаға қарсы шыққан басшының жауапкершілікке тартылып, қызметінен кетуін редакциямыз талап етіп, ШҚО әкімі Даниал Ахметовке ашық хат жазды.

    Өз кезегінде, Даниал Ахметов Ғарифолла Есім бастаған зиялы қауым өкілдерімен кездесу барысында бұл жағдайдың реттелетінін айтып, уәде берген еді. Зиялы қауым өкілдері «Қазақ үні» бастаған үндеуді қолдап, «Шығыс Ақпарат» басшысы Ирина Якунина мен ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Краснобаеваның қызметтерінен кетуін талап еткен еді.

    Бүгін Өскемен қаласының бір топ ақсақалдары мен өңірдегі Рухани келісім кеңесі мүшелері «Қазақ үні» бас редакторы Азамат Тасқараұлына хабарласып, «Шығыс Ақпарат» холдингіне жаңа басшы тағайындалғанын айтып, редакция ұжымына зор алғысын жеткізді. Бұл қызметке ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген Серік Жеңісов тағайындалды.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *