Қазақстан құрамасы алғаш рет финалға шықты

«Студенттер арасындағы футзалдан Әлем Чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Португалия құрамасына төтеп беріп, нәтижесінде қазақстандық құрама алғаш рет финалға шықты. Осылайша Алматы қаласындағы «Almaty Arena» кешенінде сағат 16.00-де басталатын финалдық матчта Қазақстан мен Ресей құрамасы кездесіп, жеңіс тұғыранан көріну үшін бар күш-жігерлерін салмақ» — деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі. 

Аргентина футболдан әлем бойынша алдыңғы қатардағы мемлекеттердің бірі. Студенттер арасында өткен футзалдан Әлем Чемпионатының барлық ойындарында бұл елдің құрамасы жақсы ойын көрсетіп, қазақстандық құрама үшін мықты қарсылас болды. Қазақстан мен Португалия арасындағы ойын қиын да қызықты өтіп, нәтижесінде біздің құрама 6:2 көрсеткішімен қарсыласын шаң қаптырған. Шетелдік құрама ойыншысы матчтың алғашқы минуттарында отандық құрама қақпасына гол соқты. Алайда, 12 нөмірлі ойыншы Даурен Турсагулов шотты теңестіріп, қазақстандық құрама тарапынан да қарсыластар қақпасына гол соғылды. Қазақстандық құрама матчтың алғашқы минутынан-ақ  жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.  11 нөмірлі ойыншы Агедиль Мадияров, кейін 10 нөмірлі ойыншы Арнольд Кнауб гол соғып, елімізді жеңіс тұғырына көтерді. 3:2 шотымен аяқталған ойын қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы финалға шықты.

Финалдық ойында отандастарымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз! Алға Қазақстан!

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *